Ғылым және инновация

Лаборатория Satbayev University

Сәтбаев университеті – Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғары оқу орны, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы жақсы дамыған, әрі жоғары білікті кадрларды даярлайтын ғылыми-білім беруші кешен болып табылады. Қазіргі таңда университетті Орталық Азия өңіріндегі ең ірі ғылыми-зерттеу хаб ретінде танытуға бар күш-жігер салынып жатыр.

Сәтбаев университетінің ғылыми-зерттеу қызметі ғылымды қажет ететін технологиялар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталып, Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға басымдық беретін бес ғылыми бағытқа топталған. Университет өз қызметіне белсенді түрде жеке инвесторларды тартып, «ғылыми жаңалықтардан коммерциялық нәтижелерге дейін» тиімді технологиялық коридор жасай отырып, мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестікті барынша қолданады.

Инновацияларды енгізу үшін толық қажетті жағдай жасау жолында университет салалық ғылыми-білім беретін бағыттар бойынша ғылымды дамыту  жөніндегі дүниежүзілік және отандық трендтерге талдау жасап, мониторинг жүргізеді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысына студенттер мен университет қызметкерлерін баулу үшін дәлелді шарттар жасайды. Салалы бағыттар бойынша жүргізілетін зерттеулерге қаржылық қолдау көрсетеді, шетелдік жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, халықаралық дәрежедегі зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады және алынған нәтижелерді Web of Science және Scopus базасында индексацияланған шетелдік ғылыми басылымдарда жариялауға көмектеседі.

Қазіргі кезде университетте қаржыландырылған 261 ғылыми жоба мен ғылыми-техникалық бағдарлама жұмыс істейді, оның ішінде көпшілік жоба мынадай тақырыптар бойынша:      

  • Инновациялық биотехнологиялық әдістер арқылы уранды жерасты шаймалау

  • Түсті металлургия қоқыстарын жоюдың қалдықсыз технологиясы

  • Жоғары сапалы беттерді прокаттау үшін қолданылатын көп функционалды стан

  • Мобильді үй (құрастырылған өзгермелі құрылғы)

  • Сумен қамтамасыз етуші гидроциклонды түйіні бар кіші деривациялық су электр станциясы

  • Электроавтомобильдерге арналған зарядты станция                                                                                    

  • Вакуумдалған жылу өткізбейтін панельдер

  • Рұқсат етілмеген қолданыстан сақтайтын құрылғы

  • Наноқұрылымдалған сақтану қабаты жалатылған алюминий қорытпалары

Шартты зерттеулер кеңсесі

Сәтбаев университеті елдегі экономика секторымен тығыз байланыста, ал университеттің ғылыми-инновациялық қызметі өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасауға бағытталған. Сондай-ақ университет өндірістің экономикалық тұрақтылығына, нығаюына және прогрессивті түрде дамуына әсер ететін өзекті мәселелерді шартты зерттеулер аясында шешеді. ҚазҰТЗУ-дың өнеркәсіп орындарымен технологиялық серіктестігі дамуының негізгі функцияларын осы Шартты зерттеулер кеңсесі орындайды.

Коммерциализация  кеңсесі

Ғылыми-зерттеужұмыстарын коммерциализациялау және оларды өндіріске енгізіп, әрі қарай дамыту мақсатында осы кеңсе іс жүзіндегі жобаларға қолдау көрсетіп, олардың стартаптарына қатысты мәселелер жөнінде авторларға тиісті кеңес береді, ақпаратты-патенттік көмекпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жас ғалымдар мен студенттерге зияткерлікті меншікті қорғау жөнінде кеңес береді.

Университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы

Университет құрамындағы 8 ғылыми-зерттеу институтынан бөлек Сәтбаев университетінің ғылым-зерттеу инфрақұрылымы өте бай болып саналады. Ғылым-зерттеу жұмыстарының басым бөлігі Technopolis Polytech технопарк базасында жүргізіледі, ол база 2013 жылы ресим түрде Ұлттық сертификатқа ие болып, «Қазақстан үздігі» атты алтын жалатылған естелік медалімен марапатталды.

Сонымен қатар Сәтбаев университетінің ғылым-зерттеу инфрақұрылымына 5 ғылыми-тәжірибелік зертхана кіреді. Онда сәулет және құрылыс саласынан бастап, пайдалы қазбаларды өндірудің биотехнологиясына дейінгі жан-жақты өзекті ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Атап айтқанда:

  • Сәулет зертханасы
  • Инженерлік бейін зертханасы
  • Инновациялық геология-минералогия зертханасы
  • Ақпараттық және космостық технологияларды ұжымдық қолданудағы Ұлттық ғылыми зертхана

IT-технологиялар саласындағы өндірулер

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Ақпараттық және космостық технологияларды ұжымдық қолданудағы Ұлттық ғылыми зертхана базасында есептеу кластерінің тамаша кешені – өнімділігі 0,9 TFLOPS суперкомпьютер іске қосылды. Зертхана бұлтты аналитика мен жасанды интеллект, ресурс өндіруге қажетті есептеулерді шешу саласына машықтанып, Қазақстандағы ең ірі рендер-ферманы иемденеді.

Сәтбаев университетіндегі ғылыми жұмыстардың тарихы

Университеттің материалды-техникалық базасы өте бай, соның көмегімен ғалымдар тапсырыс берушіге кез келген бұйымның бір данасын аз ғана уақыт ішінде жасап бере алады. Ал оның өндірісі Fab lab ғылыми-техникалық зертханасы базасында жүргізіледі. Бұл база Қазақстандағы пластиктен жасалған ең ірі 3D-баспамен (ABS), бағдарламамен басқарылатын 5-осьті фрезерлі станоктар және соңғы үлгідегі құрал-саймандармен жабдықталған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.