Сәтбаев Университетін
қолдау

Сәтбаев Университеті – Қазақстанның тұтас өмірін өзгертетін жаңалықтардың дүниеге келетін жері. Жоғары оқу орындарының дамуын және олардың жақсы өзгерістерге белсенді араласуын қамтамасыз ететін маңызды ұйым – бұл эндаументтік (қайырымдылық) қор немесе «мақсатты» қор.
Әлемнің жетекші университеттері өздерінің эндаумент қорының жұмысына үлкен көңіл бөледі, өйткені бұл қор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, дарынды студенттерді оқытуға, жатақханалар салуға және университеттің басқа да жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қорға аз ғана қайырымдылық жасау – нақты жобаларға инвестиция салу болып табылады, ал тұрақты түрде қолдау көрсету Сәтбаев Университетінің институционалдық тұрақтылығына, сондай-ақ Қазақстанда инновацияның дамуына әсер етеді.

Сәтбаев Университетінің эндаумент қорына көмек көрсету

Сәтбаев Университетін не үшін қолдау керек?

Университеттің түлектері мен достары өздері оқыған оқу орнына көмектесіп, үлкен өмірге бастау алғандары үшін, білім беріп, дағдыларды үйреткені үшін университетке алғыс білдіріп тұрады. Қызықты зерттеулерге демеушілік көрсетуге немесе болашақ ұрпаққа мұра қалдыру жөнінде шешім қабылдағандар да аз емес. Ғылым мен білімнің адам игілігіне жұмыс істеуі үшін, Сәтбаев Университетінің ғалымдары мен студенттері күн сайын жаңа идеялар жасап, техниканы жетілдіріріп отырады. Сіздердің қолдауларыңыз – біздің тығыз байланысымыздың және өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастың кепілі болып табылады.

support-img

Университеттің болашағы үшін салымдар

Эндаумент қорын толықтыру – университетке көптеген мүмкіндіктер беретін негізгі тірегі болып саналады.
support-img

Сәтбаев Университетінің кампусын жаңарту

Университет кампусын жөндеуге бағытталған мақсатты қайырымдылық шаралары Сәтбаев Университетінде білім алу үшін жайлы орта қалыптастыруға және ғылыми зерттеулердің жемісті болуына қажетті инфрақұрылым жасауға мүмкіндік береді.
support-img

Инновациялық жобаларды қаржыландыру

Егер сіз нақты зерттеулерге қызығушылық танытсаңыз, инновацияның сіз таңдаған бағыт бойынша дамуына ықпал ете аласыз.
support-img

Дарынды студенттерге көмек

Мақсатты грант бөліңіз де, сіздің компанияңызға қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауды университетке тапсырыңыз.
support-img

Стартаптар мен жас ғалымдардың жобаларын қаржыландыру

Кәсіпкерлердің жаңа ұрпағына назар салып, оларға қанатты кеңірек жаюға көмектесіңіз.
support-img

Қоршаған орта және тұрақты даму

Сіздің қолдауыңыз Сәтбаев Университетіне ең өзекті жаһандық мәселелерді анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектеседі.
Өз үлесін қосу

Меценаттар мойындайды

Сәтбаев Университеті Меценаттар қауымдастығының әрбір мүшесінің қосқан үлесін жоғары бағалайды және осы жобаға қатысқандары мен жомарттықтары үшін оларға алғыс білдіреді.

Сәтбаев Университеті эндаумент қорының құрылтайшылары

Adilov
“Мұнда көшбасшылар дүниеге келеді. Біз ғылым мен білімнің кемел келешегін бірге жасап, Сәтбаев Университетінің ұлылығын ұлықтауға жол ашамыз.”

Жексенбек Әділов,

Сәтбаев Университетінің экс-ректоры

Zhumagaliyev
“Қазіргі кезде білім және ғылым саласына меценаттардың қолдау көрсете бастағаны, бұл — жалпықоғамдық дамудың көрсеткіші деп есептеймін. Ғылым, білім, инновация саласында бірлесе отырып, үлкен жеңістерге, нәтижелерге қол жеткіземіз деп сеніммен айта аламын.”

Асқар Жұмағалиев,

Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкілі

Kalitov
“Адамның адамшылығы істі қалай бітіргендігінен емес, оны қалай бастағандығынан білінеді”

Дулат Калитов,

«Геотерм» өндірістік компаниясының жетекшісі

Suleev
“Құрметті Политех түлектері! Біздің университетті еліміздің ең басты технологиялық орталығына айналдырайық!”

Досым Сүлеев,

Сәтбаев Университеті Ректорлар кеңесінің төрағасы

Shayakhmetov
“Мен 40 жыл қызмет еттім, сол жетістігімді өзім оқыған университетпен байланыстырамын. Университетпен байланысты үзбеңдер, оқытушылармен кездесіп, қолдау көрсетіп тұрыңдар - сонда сәттілік сіздерге серік болады!”

Әділ Шаяхметов,

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы директорының бұрынғы орынбасары

Сәтбаев Университеті эндаумент қорының Қамқоршылық кеңесі

Baimbetov

Алмат Баимбетов

«Forum investment» компаниясының директоры

Nurzhanov

Ғалым Нұржанов

«Kazakhmys Barlau» корпорациясының бас директоры

Sherbinin

Евгений Щербинин

ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру комиссиясының мүшесі

Kuatov

Руслан Қуатов

Қазақстанның Еңбек сіңірген Батыры, «Тенгизшевройл» ЖШС бас директорының кеңесшісі

Nurgozhin

Әділ Нұрғожин

венчур инвестициясы жөніндегі эксперт, бизнес-ангел

Kozhamuratov

Қайсар Қожамұратов

«Aurora Minerals Group» геологиялық барлау қызметін көрсететін компанияның негізін қалаушы

Khudaibergenov

Олжас Құдайбергенов

СSI аға серіктесі

Begentayev

Бегентаев Мейрам

Сәтбаев Университетінің ректоры

Shayakhmetov

Сәкен Шаяхметов

ESG ЖШС «Kazakhmys Holding» жобасының жетекшісі

Rakhimbayev

Медет Рахимбаев

IT-бизнесмен, бұлтты HR-сервисті әзірлеуші

Сіздің көмегіңіз өте маңызды

Университет меценаттарының көмегімен жүзеге асырылған жобалар

Тау-кен металлургия корпусын жөндеу-жаңарту

Университеттің ең ежелгі ғимараттарының біріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сырты өзгертілді
project-img project-img

Б.Р. Ракишев атындағы аудиторияның ашылуы

Сәтбаев Университеті инженерлердің жаңа буынын даярлау ісіне жақсы жағдай жасау арқылы өзінің көрнекті ғалымдарына құрмет көрсетеді.
project-img project-img

А. Ж. Машанов атындағы аудиторияның ашылуы.

Ақжан әл-Машани – Қазақстанның мақтанышы. Ғалым атындағы аудиторияның ашылуы – соған куә.
project-img project-img

Fluor Kazakhstan атаулы шәкіртақысы

Көптеген жылдар бойы компания кәсіби қызметін бастағысы келетін жас химиктерге қолдау көрсетіп келеді.
project-img project-img

Университет өкілдерімен байланысқа шығу

Байланыс

+7 (727) 320 41 76

suef@satbayev.university

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту