Әскери институт

Әскери істер институты (әскер кафедра) студенттер арасында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық жүргізеді. Мұнда студенттер негізгі мамандығымен қатар, әскер дайындықтан да өтіп, екінші (әскери) диплом алып шығады деп айтуға болады. Яғни, Сәтбаев университетін бітіргеннен кейін түлектер Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрамында да қызмет етуге мүмкіндік алады.  

Әскери кафедраға оқуға студенттер байқау негізінде қабылданады. Медициналық байқаудан толық өткеннен кейін студенттер кәсіби-психологиялық іріктеуден өтеді, дене шынықтырудан барлық нормативтерді тапсырады. Ал байқау комиссиясы ең соңғы шешімді студенттің Сәтбаев университетінде оқып шыққан мерзіміндегі орташа GPA баллы негізінде қабылдайды. 

Әскери кафедра 1940 жылы, яғни дүние жүзінде соғыс қаупі төніп тұрған кездері ашылған болатын. Сондықтан да азаматтық мәндегі жоғары оқу орындарында әскери мамандарды даярлау уақыт талабына сай өте өзекті болып тұрды. 

Әскери кафедраны ең алғаш рет майор А.С. Дубиль басқарды, кейіннен ол Ұлы Отан соғысына қатысып, ұрыс алаңында қаза тапты. Содан кейін Әскери кафедра бастығы қызметіне полковник Н.И. Осинский тағайындалды. Ол Азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына белсенді түрде қатысқан, өзі Кремль курсанттар мектебінің алғашқы түлектерінің бірі еді.

Соғыс жылдарынан кейін (1952 жылдан бастап) институттың әскери істері кафедрасы Әскри кафедра болып қайта құрылды, ал оның бастығы қызметіне ірі әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград әскери округі әскери кеңесінің мүшесі, көптеген әскери ордендер мен медальдардың иегері, әскери істің жетік маманы, артиллерия генерал-майоры Н. С. Касаткин тағайындалды. Ол студенттер алдында жоғары құрмет пен абыройға ие болды. Оның басқаруымен ҚазТКМИ-ның Әскери кафедрасы қаладағы ең үздіктер қатарына ілінді. Кафедра артиллериялық қорғаныс бөлімшелеріне қажетті запастағы офицерлерді даярлауға кірісті. 1961 жылдан бастап кафедра танкке қарсы қорғаныс бөлімшелеріне қажетті запастағы офицерлерді қосымша даярлайды, ал 1971 жылдан бастап – әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелеріне қажетті офицерлер даярласа, 1978 жылдан бастап – құрлықтағы артиллерия инженерлерін даярлайды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ ұлттық техникалық университетінің Әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы армиясының артиллерия бөлімшелеріне, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелеріне қажетті офицер кадрларын даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны болып қалды.

Сәтбаев университетінің Әскери кафедрасында болашақ офицерлерді даярлау сапасына баса назар аударылады, оқу-материалдық база үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады, электронды-есептеу техникасы кеңінен қолданылып, оқытудың ең озық әдістері де пайдаланылады. 

Жалпы, Әскери кафедра өз тарихында 30 мыңнан астам запастағы офицерлерді даярлап шығарды. Түлектердің кәсіби дайындықтарының деңгейі Қазақстандағы әскери институттардың дайындығынан еш кем емес.    

Байланыстар

Дарбеков Булат Керимжанович

Бөлім бастығы

ВК 204

+7-727-292-6063

Аккузинов Асет Кайролдинович

Бастықтың орынбасары

ВК 303

+7-727-292-4302

Исмаилов Маликжан Турсынович

Студенттердің бухгалтерлік есеп және сертификаттау бөлімінің меңгерушісі

ВК 306

+7-727-292-7303

Кезекші

ВК

+7-727-292-0087

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.