Э. Туркебаев атындағы Жобаларды басқару Институты

Институт жобалау менеджментінің әртүрлі саласындағы өте күрделі жобаларды басқара алатын, сұранысқа ие кәсіби менеджерлер мен басшыларды даярлайды.

Мамандарды даярлау сертификатталған магистерлік және докторлық бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Институт – Пенсильваниядағы (АҚШ) Project Management Institute, PMI® Жобаларды басқару институты білім беру бағдарламаларының ресми түрде тіркелген провайдері болып саналады, бұл өз кезегінде білім сапасына кепілдік береді.

Сабақты тәжірибесі мол оқытушылар мен сертификаты бар жобалау менеджерлері жүргізіп, сіздерді практикалық жұмысқа және өндірістің техникалық жағындағы күрделі жобаларды тиімді басқару ісіне үйретеді, сондай-ақ кез келген өндіріс саласындағы жобаларды белгіленген бюджет пен белгіленген мерзім ішінде орындап шығуға үйретеді.

Институт 1966 жылы құрылған. Ол – Қазақстан Республикасының көптеген көрнекті ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен талантты бастамашылары білім алып шыққан alma mater. Институт жанынан жоба менеджерлеріне арналған Кәсіби сертификация орталығы ашылған. Ол Project Management Institute дайындаған бағдарламалар бойынша РМІ сертификациясына дайындалуға мүмкіндік береді.

Институт Project Management Institute Global Registered Education Provider (PMI Global R.E.P.) дәрежесін 2017 жылы алды. Сабақ «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасын дайындайтын «Бизнес және менеджмент» кафедрасында өтеді. Студенттер төрт мамандықтың бірін таңдай алады: «Ақпараттық технологиялар», «Мұнай-газ ісі», «Электромашина жасау», «Көмірлі метан».

Бағдарлама PMBOK PMI стандарттарына сай етіп жасалса да, мұнымен шектеліп қалмайды. Студенттер бизнес-үдерістерді жобалау және жоспарлау, жобаның тәуекелдіктерін басқару, оның құны мен мерзімін анықтауды, жоба портфелін басқару және мамандық менеджментін кәсіби түрде жобалауға қатысты тағы басқа да қажеттіліктерді үйреніп шығады. Оқу үрдісі қазіргі заманғы Microsoft Project бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы бойынша өтеді, ол жобаларды басқаруға, SPSS және AMO мәліметтерін сапалы түрде сараптауға және статистика жүргізуге арналған құралдарды басқаруға бағытталған.

Институт шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды: атап айтқанда, алған білімдерімен және зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, шетелдік лекторларды шақырады, арнайы курстар мен тағылымдамаларды ұйымдастырады. Олардың арасында Graduate School of Management in Barcelona (Испания), Robert Gordon University (Ұлыбритания), Wuhan University of Science and Technology (Қытай) және басқалары бар.

Қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында институт шетелде кәсіби білім алып, халықаралық байланысты күшейткісі келетін адамдарға мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте институт Валенсия политехникалық университетімен (Испания) бірлесе отырып жасалған қос дипломды білім беру бағдарламасын ұсынады.

Валенсия политехникалық университетімен бірлесе отырып жасалған қос дипломды білім беру бағдарламасы

 

Институтта экономиканың қаржылық, мұнай-газ және басқа да салаларымен байланыс орнатылған. Студенттер тағылымдаманы Қазақстанның алдыңғы қатарлы ірі-ірі компанияларында өтеді. Олар: Қазақстан ұлттық банкі, «Маңғыстау Мұнайгаз», Colgate Palmolive Kazakhstan, KaspiBank, JTI Kazakhstan және басқалары. Бұл түлектерге кез келген өндірістік салада, тау-кен байыту, су шаруашылығы, автомобиль өнеркәсібі, құрылымдық өнеркәсіп, IT-индустрия, менеджмент және экология саласында қызмет етуге мүмкіндік береді.

Институт қабырғасында Жобаларды басқару жөніндегі клуб (PMC) жұмыс жасайды, онда ай сайын кездесулер өтіп тұрады. Ұлттық лицензиялар мен Сәтбаев университетінің лицензиялары арқасында институт көптеген электрондық ресурстарға (Springer Link, EBSCO, Clarivate Analytics, IPRBooks және т. б.) қол жеткізе алады. Бұл қолжетімдік студенттерге жетекші университеттердің зерттеу жұмыстарымен танысуға, жобаларды басқару жөнінде алған тәжірибелерін одан әрі жетілдіруге де жол ашады.

 

Байланыстар

Cалықова Лейла Нұртілеуқызы

Директор

ГУК 415

+7-727-292-0608

7454 (вн.)

slaila2000@mail.ru

Түркебаева Карина Төлеуқызы

Директордың орынбасары

ГУК 413

+7-727-257-7048

7048 (вн.)

karin@mail.ru

Досова Сенімгүл Наурызбайқызы

Кафедра меңгерушісі

ГУК 415

+7-727-257-7088

7088 (вн.)

senimgul@mail.ru

Бекбергенова Арай Манасбайқызы

Менеджер

ГУК 415

+7-727-257-7091

7091 (вн.)

7024489@mail.ru

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.