Рысбеков Қанай Бақытұлы

Рысбеков Қанай Бақытұлы

Директор

Кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Тау-кен инженер-маркшейдер, 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар оқытушы. Тау-кен металлургия институтының директоры,бірқатар жобалардың ғылыми жетекшісі болып жұмыс істеді. РФ тау-кен ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Қазақстан ұлттық тау-кен академиясының академигі, РФ экология және тіршілік қауіпсіздігі Халықаралық ҒА корреспондент-мүшесі.

Әр жылдары NUS (Singapore), Hong Kong, НУ (Назарбаев Университеті), China university of Mining and technology (Beijing) ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті.

130 – дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 15 Scopus және 7 Web of science деректер базасында индекстелетін , 1-патен, 4 оқулық, 7 монография, 8 оқу құралы, "Тау ісі және металлургия" қазақ-орыс және орыс-қазақ терминологиялық сөздіктерінің, "Экологиялық энциклопедия" және "География және геодезия" терминологиялық ғылыми-салалық сөздіктерінің, "Қатты пайдалы қазбаларды әзірлеу кезіндегі жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережелері"салалық нұсқаулығының авторы.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және технология саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жұмыстарды сараптамалық және талдамалық бағалау секцияларының мүшесі (Жер туралы ғылымдар, инженерия және металлургия бөлімі) 20.03.2013 ж. № 122 бұйрық. Кәсіби стандарттары бойынша ЗТБ  «ТАУ-КЕН ӨНДІРУШІЛЕРІ ЖӘНЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» (ТМКҚ) штаттан тыс сарапшы.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты

Институт Тау-кен және металлургия инженериясы, пайдалы қазбаларды байыту, геодезия, маркшейдерлік іс, жерге орналастыру, кадастр, материалтану және жаңа материалдар технологиясы саласы бойынша қазіргі заманғы әдістерді меңгерген мамандарды даярлайды. Оқыту әлемдік үздік тәжірибелер мен соңғы кездегі ғылыми жетістіктер негізінде жүргізіледі.

Институт 1934 жылы Қазақ тау-кен металлургия институты болып құрылды, институттың содан кейінгі тарихы ҚазТКМИ-ҚазПТИ-ҚазҰТУ-дың даму тарихымен тығыз байланысты. 2001 жылы тау-кен және металлургия факультеттері Тау-кен металлургия институты болып біріктіріліп, 2003 жылы Тау-кен институты мен Металлургия және полиграфия институты болып қайта құрылды. 2011 жылы бұл институттар біріктіріліп, Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты (ТКМИ) болып құрылды.

XX ғасыр мен XXI ғасырдың жиырма жылында институттың тау-кен және металлургия факультеттері Қазақстанның тау-кен металлургия саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етті. Институт түлектері арасында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, Халық Қаһармандары, Қазақстанның Еңбек Ері, министрлер, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісінің депутаттары, әкімдер, тау-кен компанияларының президенттері бар.

Студенттер өндірістік практиканы ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалған өндірістік компанияларда өтеді. Институт өндіріспен тығыз байланыста, бұл студенттерге болашақ жұмыс орнында қажетті дағдыларды үйретіп қана қоймай, өндірістің өзекті мәселелерін шешетін қосарлы білім алуға және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Институттың негізгі стратегиялық серіктестері – «ГеоСтройИнвест», «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазцинк», «Қазферросталь», «Қазақвзрывпром», Полимерлік материалдар және технологиялар институты, «Глобопак», «Қазхром», KazMinerals, «Қазақстан алюминийі», «ҚазФосфат», «ERG», «Интеррин», «Лейка Геосистемс Қазақстан», «Алматыметроқұрылыс» болып табылады.

mmi_34@satbayev.university

Толығырақ

Білім беру бағдарламалары

Байланыстар

Солтабаева Сәуле Темірболатқызы

Директордың орынбасары

+7-727-320-4043

s.soltabayeva@satbayev.111

Керімбек Алуа Берікқызы

Менеджер

+7-727-320-4135

a.kerimbek@satbayev.111

Айтенов Кенесбай Джолдасбаевич

Директордың орынбасары

+7-727-320-4043

k.aitenov@satbayev.111

Куандыков Тилепбай Алимбаевич

Директордың орынбасары

+7-727-320-4045

t.kuandykov@satbayev.111

Рысбеков Қанай Бахытұлы

Директор

ГМК 232

+7-727-292-6437

k.rysbekov@satbayev.111

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту