Ақпарат:

26 қыркүйек 2017 9965

ҚазҰТЗУ оқытушылары уран өнеркәсібінің соңғы жаңалықтарымен танысты

ҚазҰТЗУ оқытушылары уран өнеркәсібінің соңғы жаңалықтарымен танысты

Үстіміздегі жылы тамыз айының соңында ҚазҰТЗУ-дың Тау-кен металлургия институтының директоры З. С. Әбішева бастаған бір топ оқытушылар «Буденовское-2» кен байыту орнын аралады. Бұл кен орны  «Қазатомөнеркәсібінің» уран өндіру жөніндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының біріне жатады.

Бұл шараның мақсаты – білімді, ғылым мен өндірісті ұштастыру, сондай-ақ атом өнеркәсібіндегі соңғы жетістіктер негізінде құрылған Халықаралық ғылыми-білім беру орталығына арналған бағдарлама даярлау.

Ресми сапар барысында Тау-кен металлургия институты мен Геология және мұнай-газ істері институтының профессорлық-оқытушылар құрамы құю және сору ұңғымасын орнықтыру технологиясымен, уран өндіру технологиясымен және кен жұмыстарының алдағы жоспарымен танысты. Сонымен қатар өнімді қайта өңдеу цехының жұмысын тамашалап, сілтісіздендірудің жерасты саңылауы геотехнологиялық полигонын аралады. Ал «Қазатомөнеркәсібінің» ардагерлері уран өндірісі мен осы саланың алдағы даму қарқыны жайлы лекциялар курсын оқыды.  

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту