29 қыркүйек 2023 3065

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа экология жөніндегі жобаларын көрсетті

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа экология жөніндегі жобаларын көрсетті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ресми сапармен Сәтбаев Университетіне келіп, университет ғалымдарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, өзекті проблемаларды шешу, сондай-ақ оларды шешуге арналған технологиялар мен құралдар жөнінде талқылады.

Ғалымдар министрді табиғи ресурстарды сақтауға септігін тигізетін жобаларымен таныстырды. Министр қоршаған ортаны жақсарту және оны ластанудан тазарту бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымдылығын және инновациялардың маңыздылығын атап өтті.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа экология жөніндегі жобаларын көрсетті

– Біз ғалымдармен бірлесе жұмыс істеуіміз керек, – деді кезедсуде Ерлан Нысанбаев. – Ұлттық университет өндіріспен және үкіметпен өзара іс-әрекетінің жаңа үлгісін көрсетіп отырғанына мен өте қуаныштымын. Ғалымдар әрқашан алдыңғы қатарда болуы керек. Ел тұрғындарының өмірін жақсарту үшін, біз ғалымдарға жаңа сұраныстар беріп, ол технологияларды өндіріске енгізуге дайынбыз.

Университет ғалымдары өздерінің ең үздік экологиялық жобаларын министрдің назарына ұсынды. Ұсынылған жобалардың бірі – Алексей Оксиенконың ұшқышсыз ұшырылатын дрондар жобасы болды, ол дрондар экологиялық мәселелерді шешуге, өртті сөндіруге, суды үнемдеуге және т.б. жағдайлар үшін өте қолайлы деп атап өтті.

Сондай-ақ Руслан Өтебаевтың электромобильдерге арналған зарядтау станцияларының сериялық өндірісі, Сәкен Түйебаевтың «жасыл» шағын су электр станциясының жобасы, Гүльмира Кезембаеваның топырақ пен жер асты суларының мұнаймен ластануының ошақтарын анықтау және оларды жою бағдарламасы, Маржан Нұрпейісованың жылу электр станцияларының қалдықтарын өңдеу технологиясы және Аида Исмағұлованың суды ластанудан тазартудың жаңа әдістері сияқты жобалар ұсынылды.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа экология жөніндегі жобаларын көрсетті

Университеттің әкімшілік-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сапар Шалабаев министрге ғылым, білім және өндірісті біріктіру мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сәтбаев Университетінде жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу хабын (орталығын) құру туралы бастама көтергені жөнінде айтты – дәл осы ғылыми қадамның арқасында технология саласында серпіліс жасауға мүмкіндік туды.

Жиын соңында министр атқарылған тамаша ғылыми жұмыстар үшін ғалымдардың барлығына алғыс айтты, бұл жұмыстар қоршаған орта мен табиғи ресурстарды сақтау саласын айтарлықтай дамытатыны сөзсіз.

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа экология жөніндегі жобаларын көрсетті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту