7 сәуір 2017 11730

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ҚазҰТЗУ-да таныстыру рәсімін өткізді

 Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ҚазҰТЗУ-да таныстыру рәсімін өткізді

6 сәуір күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 3-курс студенттері үшін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (Karachaganak Petroleum Operating B.V.) консорциумы Қазақстанда мұнай саласын дамыту мәселелеріне арналған өз жобасын ұсынды.

Бұл – елдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі, институттардың 13 мамандығы бойынша студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі жөнінде ҚазҰТЗУ-мен байланыс жасайды. Атап айтқанда: геология және мұнай-газ ісі; өндірістік инженерия; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; жоғары технологиялар инженериясы; химиялық инженерия; сәулет және құрылыс; экономика және бизнес мамандықтары.

Таныстыру рәсімін ұйымдастырған – Жинақтау-талдау департаментінің тәжірибе және мансап бөлімі.

Кездесу барысында компания өкілдері, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметкерлерді басқару бөлімінің мамандары Арман Исағұлов (Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша түлегі) пен Марзия Алмағамбетова сөз сөйледі.

Арман Исағұлов өзі жұмыс істейтін компанияның құрылу тарихы мен қазіргі қызметіне шолу жасап, жұмыс жағдайы мен шарттары туралы әңгімелеп берді. Ал Марзия Алмағамбетова кен орындарында өндірістік тәжірибеден өту мәселесі мен шарттарына тоқталды.

Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарына тиісті жауап алып, өз мамандықтарына қатысты көптеген қызықты ақпарат алумен қатар, осы компанияға жұмысқа тұру мүмкіндіктерімен де танысты.

                   

 

 

Ақпарат көзі: ЖТД
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту