29 желтоқсан 2023 3801

2023 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" байқауы

2023 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" байқауы

«ЖОО үздік оқытушысы – 2023» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия мамандықтың үздіктерін таңдады.

Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан барлығы 768 үміткер қатысты. Конкурста электрондық оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т. б. сияқты көрсеткіштер бағаланды.

43 қазақстандық ЖОО-дан 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың қатарына біздің университеттің 14 оқытушысы кірді:

  • Елигбаева Гульжахан Жакпаровна, х.ғ.д., геология және мұнай-газ институтының «Мұнай инженерия» кафедрасының профессоры;
  • Амралинова Бакытжан Базарбековна,  (PhD) философия докторы, «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Абдиев Калдыбек Жамшаевич, х.ғ.д., тау-кен металлургия институтының «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының профессоры;
  • Молдабаева Гульназ Жаксылыковна, т.ғ.д., геология және мұнай-газ институтының «Мұнай инженерия» кафедрасының профессоры;
  • Кыргизбаева Гульдана Мейрамбековна, т.ғ.к., тау-кен металлургия институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Белкожаев Аяз Маратович, магистр, геология және мұнай-газ институтының «Химиялық және биологиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;
  • Абдыкадыров Аскар Айтмырзаевич, т.ғ.к., автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Айтказинова Шынар Касымкановна, (PhD) философия докторы, тау-кен металлургия институтының «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Шаленов Ерик Онгарович, (PhD) философия докторы, энергетика және машинажасау институтының «Жалпы физика» кафедрасының профессоры;
  • Журсумбаева Мариямкуль Буркановна, х.ғ.к., тау-кен металлургия институтының «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының профессоры;
  • Куттыбаева Айнур Ермеккалиевна, э.ғ.к., автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Омарова Жансая Бағдатқызы, (PhD) философия докторы, энергетика және машинажасау институтының «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының аға оқытушысы;
  • Марксұлы Сұңғат, магистр, автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы;
  • Утебаева Дана Жолдыбайқызы, (PhD) философия докторы, автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК мөлшерінде сыйақы алады. Ақшалай ынталандырудан басқа, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары төсбелгісімен марапатталады.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту