6 қыркүйек 2018 6859

Ақпараттық парақша

Ақпараттық  парақша

Үстіміздегі жылдық 7 қыркүйек күні сағат 10.00 – 16.00 аралығында Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-ның Алматы қаласы филиалы бірлесе отырып, Сәтбаев Университетінде Мемлекеттік қызмет түрлері жәрмеңкесін өткізеді (Сәтбаев көшесі, 22. Байтұрсынов көшесінің қиылысы).

Бұған дейін Алматы  қалалық Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті халыққа қызмет көрсету жұмыстарын тексеру мақсатында мониторинг жүргізген болатын. Оның нәтижесі бойынша қаладағы жоғары оқу орындары мен кәсіби білім беру орындарының студенттері Халыққа қызмет көрсету орталығына тек анықтама алу үшін ғана жүгінетіні анықталды.

Осыған байланысты және қажетті анықтамалар алудың жолын оңайлату, әрі жастарға электрондық кілтпен қолдануды үйрету мақсатында Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент қаладағы барлық оқу орындарының басшыларына жаңа оқу жылы басталысымен Студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар қаладағы әрбір ХҚКО-на өздерінің қызметкерлерін Студенттерге қызмет көрсету орталықтарына келісім-шарт негізінде жіберіп, олардың арасында мониторинг жүргізуді және студенттерді электрондық анықтама алу ісіне үйретуді табыстады. 

Жәрмеңке өткізудің негізгі мақсаты – Университеттің студенттері мен қызметкерлеріне мемлекеттік электрондық қызмет түрлерін пайдаланудың жолдары мен тәртібін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электрондық үкімет» порталы арқылы осы қызмет түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін түсіндіру. Сондай-ақ жәрмеңкеге қатысушыларға электронды-сандық қол қою мен өздерінің компьютері, планшеті және мобильдік құрылғылары арқылы кез келген ыңғайлы уақытта мемлекеттік қызмет түрлерін м-gov (e-gov сервисінің мобильдік платформасы) жүйесі бойынша пайдалану үйретіледі.

Алдағы уақытта Сәтбаев Университетінде осындай Студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Іс-шараның координаторы

Павел Семенов

+77772252779

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту