21 қыркүйек 2018 6253

Depo Evolution Park Студенттік шығармашылық фестивалі өтеді

Depo Evolution Park Студенттік шығармашылық фестивалі өтеді

Ағымдағы жылы 22 қыркүйек күні кеңейтілген Студенттік ән, би және  шығармашылық фестивалі өтеді. Аталмыш іс-шара қаланың қақ ортасында орналасқан Depo Evolution Park-те ашық аспан астында өтеді. Бұл өнер байқауына қалалық студенттік ұйымдар, шығармашылық топтар мен ұжымдар қатысады. Фестивальдің бастамашылары – Jaryq шығармашылық жастар тобы, ал оның мақсаты – қалалық дарынды балалар мен талантты жастарға қолдау көрсете отырып, студенттердің мәдени дәрежесін көтеру, әрі дамыту.

Depo Evolution Park – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен талантты жастарға қолдау көрсетуші «Жол картасы» бағдарламасы аясында қаладағы бұрынғы трамвай депосының территориясында жаңадан ашылған қалалық лофт-орталық. Онда жастарға арналған қазіргі заманға сай көптеген мәдени орталықтар бар, атап айтқанда: коворкинг-орталық, волонтерлар қозғалысының орталығы, жас суретшілер орталығы, ауылдық жастармен жұмыс жасау орталығы, қалалық жастар жатақханасына қолдау көрсету орталығы, workout-center және басқа да ойын орындары бар.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22/118.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту