4 наурыз 2024 2527

Дүниежүзілік инженерлер күнімен құттықтаймыз!

Дүниежүзілік инженерлер күнімен құттықтаймыз!

Қымбатты әріптестер, студенттер мен Сәтбаев Университетінің түлектері!

Сіздерді кәсіби мерекеміз – Дүниежүзілік инженерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Инженерлер күні – бұл біздің ортақ жетістіктеріміз бен шабытымыздың мерекесі. Ол 2020 жылы инженерлік ұйымдардың Дүниежүзілік федерациясының бастамасымен құрылып, тұтас адамзаттың дамуына және бүкіл жер бетіндегі халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға инженерлердің қосқан үлесін ерекше атап өтуді мақсат етті.

Біздің армандарымызды шындыққа айналдырып, инновациялар құрып, еліміздегі күрделі мәселелерді шешіп жүрген студенттерімізбен, оқытушылармен және түлектермен біз университет ретінде өте мақтанамыз. Мүмкіндіктер мен өзгерістерге толы болашағамызды біз тек бірігіп қана құра аламыз. Кез келген қиындықтарды да біз біріге отырып жеңе аламыз – атап айтқанда, таза су мен энергияға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз, әлемдегі ең үздік 200 техникалық университеттің қатарына кіреміз және ел экономикасының барлық салаларына цифрлық технологияларды енгіземіз.

Сіздердің білімге, шығармашылыққа деген құштарлықтарыңыз бен таусылмас күш-жігерлеріңіз үшін мың алғыс! Әр күн сіздерге жаңа табыс әкеліп, әлемді жақсартуға мол мүмкіндіктер сыйласын!

Ізгі ниетпен және зор құрметпен,
Сәтбаев Университеті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.