5 ақпан 2017 9896

Электрэнергетика саласындағы жобалау технологиялары

Электрэнергетика саласындағы жобалау технологиялары

Студенттердің кәсіби даярлығын оқу үрдісінде сапалы қамтамасыз ету үшін, тиісті салалар бойынша қажет мамандар белсенді қатысып отыруы керек. 2017 жылдың 3 ақпанында, Жинақтау-талдау департаменті практика және карьера бөлімінің ұйымдастыруымен, 3 курс студенттеріне «Enеrgy Trade Co» ЖШС өкілдері қонақ дәрісін оқыды.
Компания директоры Джидебаев Руслан Ерназарович лектор ретінде сөз сөйледі. Қонақ дәріс бағдарламасына 5В071800 –Электрэнергетика мамандағынан 83 студент қатысты. Руслан компанияға іріктеу рәсімінің өту жолын, кандидаттарға қойылатын талаптар, мамандыққа халықаралық көзқарас, кәсіптік міндеттері мен қызмет түрлері, мамандық бойынша өсу перспективасы туралы айтып берді. Жоғарыдағы материалдардың мазмұны студенттер тарапынан қызығушылық тудырып, дәріс оқушыға тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту