29 желтоқсан 2023 4109

Инженерлердің аға ұрпағы Сәтбаев Университетіне Жаңа жылға сәттіліктер тілейді

Инженерлердің аға ұрпағы Сәтбаев Университетіне Жаңа жылға сәттіліктер тілейді

Дәл Жаңа жылдық мереке қарсаңында университет алдағы жылдарға арналған игі тілекті қабыл алды – атап айтқанда, «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасы орналасқан ТКМК ғимараты 304-кабинеттің қабырғасын жөндеу кезінде университеттің бұрынғы студенттері жазып кеткен жолдау хат табылды.

Жолдау хат қабырға саңылауының түйіскен жерінен құлап түсті, онда «Адамдардың болашақ ұрпағына» арналған жолдау жазылып, зымыранның суреті салынған.

Тарихқа көз жүгіртсек, бұл кабинетте әрқашан да «Металлургия» кафедрасы орналасқан. Әр жылдар ішінде кафедраның атауы әртүрлі аталып, ол алдымен «металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу» мамандығы бойынша алғашқы металлургтерді даярлады, ал соңғы жылдары «металлургиялық инженерия» мамандарын даярлайды.

Бұл кабинет 1980 жылдары студенттердің көп қабылдануына байланысты қайта жөндеуден өткен, содан бері мұнда лекциялар оқылып келеді. Бәлкім, жазба дәл сол кездерде қалдырылған болуы керек.

Университетті жандандыру жұмыстары аясында 304-кабинет күрделі жөндеуден өтуде – осы кафедрада 55 жыл қызмет істеп, инженер-металлургтердің бірнеше ұрпағын оқытып шығарған профессор Владимир Лугановтың құрметіне орай бұл кабинетті соның есімімен атау жоспарлануда.

Ал өткен жылдардан жеткен жолдау дәл Жаңа жыл қарсаңында табылды, ендеше бұл барлық кедергілерден өтіп, тек алға ұмтылуға шақыратын ең абзал серпін болмақ!!!

Инженерлердің аға ұрпағы Сәтбаев Университетіне Жаңа жылға сәттіліктер тілейді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту