14 сәуір 2017 10895

«ҚазТрансОйл» АҚ ҚазҰТЗУ студенттерін күтуде

«ҚазТрансОйл» АҚ ҚазҰТЗУ студенттерін күтуде

Ағымдағы жылы 14 сәуір күні университет Ректоры Ескендір Бейсембетов «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ГжМГІИ «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» кафедрасының 3-курс студенттері арасында өтетін байқаудың Ережелеріне қол қойылды.

Акционерлік қоғамның Адам ресурстары мен еңбекақы төлеуді басқару департаментінің директоры Орал Идырысов компанияның алдағы жоспарлары туралы айтып берді:

– Осы жылы 2 сәуірде «ҚазТрансОйл» АҚ-ы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай өз тарапымыздан көрсетілетін 20 мейірімді істің бағдарламасын жасадық. Оның ішінде әлеуметтік бағыт та, демеушілік қызмет те және т. б. игі істер қамтылған. Бұл бағдарламаның ең басты бағыттарының бірі – талай жылғы серіктесіміз ҚазҰТЗУ-мен достығымызды одан әрі нығайту.

Университет студенттері жұмыстарының «Қазақстан Республикасында құбыр желісі магистральдарын дамытудың келешегі» атты байқауының осы күні қол қойылған туралы Ережесі, «ҚазТрансОйл» компаниясы көрсеткендей, біздің жоспарларымызды іске асыруға жеткілікті түрде ықпал етуге лайықталған.

Акционерлік қоғамның Адам ресурстары мен еңбекақы төлеуді басқару департаментінің бас менеджері Гүлжан Осмағамбетова қатысушыларды байқаудың шарттарымен таныстырды және осы тапсырмаларға  шығармашылық және салмақты көзқараспен қарайтын студенттерді ғана компанияға тәжірибеден өтуге шақыратынын атап өтті.

Байқаудың нәтижесі осы жылдың қазан айында белгілі болады. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтар мен осы компанияға жұмысқа тұру мүмкіндігі күтіп тұр.

Осы байқауға қатысу үшін өтініш берген студенттерге өздерінің тұрғылықты жерінде тәжірибеден өту үшін компания республиканың 11 аймағы бойынша мүмкіндік жасап отыр. Осы мүмкіндікпен пайдалану жолдары әрі қарай студенттердің өздеріне байланысты.  

Барлық суреттерді көру  

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту