20 сәуір 2017 11457

ҚазҰТЗУ-дағы EcoDay

ҚазҰТЗУ-дағы EcoDay

Сәуірдің 19-күні «EnactusKazNRTU» студенттік ұйымы А. Машани атындағы Базалық білім беру институтымен және Коммерциализациялау офисімен бірлесе отырып, университеттің бас оқу корпусы алдында «EcoDay КазНИТУ» акциясын өткізді.

ҚазҰТЗУ-дың Ректоры Ескендір Бейсембетов пен академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ринат Искаков осы іс-шараға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Ал студенттер Батырхан Тұрғанбаев пен Темірлан Сали қатысушылар назарына «GoGreen» жобасын ұсынды. Олардың бұл идеясын барлық курстастары да, университеттің басқа студенттері де қолдап, мақұлдады. Бұл стартап-жобаның мақсаты – университетте жиналып қалған қағаз қалдықтары (макулатура) мәселесін экологиялық тиімді жолмен шешу. БОҒ-да, ТКМҒ-да және МҒ-ның 2-қабатында қағаз қалдықтарын салуға арнайы қондырғы орнатылған. Алдағы уақытта «GoGreen» жобасын сәтті түрде іске асыра отырып, ҚазҰТЗУ маңайындағы пластик заттар қалдықтарын жинап, оны өңдеу мәселесі де қарастырылатын болады.   

Толық нұсқа: ҚазҰТЗУ-дағы EcoDay

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.