5 ақпан 2017 11200

ҚазҰТЗУ студенттері Александр Коржемпомен кездесті

ҚазҰТЗУ студенттері Александр Коржемпомен кездесті

2017 жылы 2 ақпан күні Т.Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Сәулет» кафедрасында студенттердің Қазақстанның танымал және белгілі сәулетшісі, қазақ сәулет өнері мектебінің негізін қалаушы, ҚР құрметті сәулетшісі, профессор Александр Иванович Коржемпомен кездесуі өтті.
Мәскеу сәулет институтында тамаша базалық білім алған Александр Иванович Алматы қаласының көптеген көрікті ғимараттары мен сәулет ансамбльдерінің бой көтеруіне бар өнерін салды. Ол Алматы қаласының дәстүрлі демалыс орындарына айналған «Арман» кинотеатры; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Парктің кіреберіс алаңының; Қазақ теледидарының аппараттық-студиялық кешені; Фурманов көшесінің бойындағы «Мұхит» және «Пионер» дүкендері орналасқан тұрғын үйлердің, «Алматы-2» теміржол вокзалы мен «Саяхат» автовокзалы тораптарының авторы. Сондай-ақ Алматы қаласының орталығын егжей-тегжей жоспарлауға, қаланың негізін құрайтын тұрғын үй кешендері мен тұрғын үй құрылыстарын жобалауға бар ниетімен атсалысты.
Александр Ивановичтің қатысуымен жүзеге асырылған тамаша жобалар мен жұмыс эскиздері әрқашан ерекше және заманынан озық болып, бір қадам алда жүрген. Оның ойынша, сәулетшінің өнері бос жатқан кеңістікке энергия беріп, тіршілік енгізе білумен бағаланады.
Александр Иванович практикалық жұмыс пен педагогикалық қызметті әрқашан қатар алып жүрді. Көптеген атақты сәулетшілер бүгінгі күні А. И. Коржемпоны өздерінің сәулет өнерін толығынан меңгеріп, нағыз маман атануға жол сілтеген алғашқы ұстазы ретінде таниды.
Александр Иванович Коржемпо – Халықаралық сәулет академиясы Мәскеу бөлімшесінің (ХСАМ) құрметті профессоры, ҚР Сәулетшілер одағының, ҚР қала құрушылар одағының, Алматы Сәулетшілер одағының құрметті мүшесі. Ол Т.Қ.Бәсенов атындағы «Сәулет өнерінің білімі мен ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

 

СжҚИ

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.