17 мамыр 2017 9955

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ R.E.P. PMI® оқу бағдарламаларының ресми провайдері мәртебесін алды

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ R.E.P.  PMI®  оқу бағдарламаларының ресми провайдері мәртебесін алды

2017 жылы 1 мамыр күні Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті R.E.P. – PMI® (Project Management Institute. Pennsylvania, United States) оқу бағдарламаларының ресми провайдері мәртебесін алды. Бұл жобаларды басқару бойынша сертификацияға дайындау мен оқытудың сапасы жоғары болуының айқын дәлелі.

PMI® ресми провайдер мәртебесі (Global Registered Education Provider – R.E.P.) халықаралық нарықтағы жобаларды басқару бойынша білім беруде өзінің біліктілігін дәлелдеген оқу орындарына беріледі. Жоғарғы оқу орнының R.E.P. мәртебесін иемденгені – оқытушылардың кәсіби біліктілігінің жоғары дәрежелі болуының, сонымен қатар курс мазмұнының жобаларды басқару бойынша халықаралық стандарт талаптарына сәйкес болуының дәлелі.

R.E.P. мәртебесі PMI® мәліметтер базасында курстардың тіркелуін қамтамсыз етеді, соған байланысты ҚазҰТЗУ курстарының тыңдаушылары Кәсіби Даму Бірліктерін (PDU, Professional Development Units) иемдене алады, сонымен қатар оларға білім алғаны жөнінде халықаралық үлгідегі сертификат беріледі. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту