19 сәуір 2024 1068

Мичиган университетінің (АҚШ) профессоры Дуглас Хартман қазақстандық студенттердің жұмысын жоғары бағалады

Мичиган университетінің (АҚШ) профессоры Дуглас Хартман қазақстандық студенттердің жұмысын жоғары бағалады

«Satbayev International Conference-2024» халықаралық конференциясының тіл секцияларына қатысқан америкалық ғалым, технология, оқыту және сауаттылық бойынша мұғалімдердің білім беру саласындағы профессоры Дуглас К. Хартман студенттердің алғашқы ғылыми жұмыстарын жоғары бағалады. Профессор инженерлік студенттердің жоғары лингвистикалық құзыреттілігін және сыни тұрғыдан ойлауын атап өтті.

Е. Түркебаев атындағы Жобаларды Басқару Институтының Шет тілдер кафедрасында « Болашақ инженер маманның кәсіби және шеттілдік құзыреті - бәсекеге қабілеттіліктің  негізі » және « Қазақстанның цифрлық-инновациялық әлеуетін көтеруде болашақ инженер маманның үлесі» атты екі секция өтті. Секциялық отырыстарға басқа университеттерден келген оқытушылар мен қонақтар қатысты.

Секция жұмысына Satbayev University мен IT университетінің студенттері қатысып,  30 шақты баяндама тыңдалды.  Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған баяндамалар жасанды интеллект, кибер қауіпсіздік, цифрлық технологиялар, ауыз су мәселелері және болашақ инженерлер үшін ағылшын тілін үйренудің өзектілігі сияқты әртүрлі тақырыптарды қамтыды.

Бірінші  секцияның қазылар алқасының шешімімен келесі жүлделер бөлінді:1-орын Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының 1 курс студенті Төлеген Карина мен Деректерді талдаудың математикалық экономикасы мамандығының 1 курс студенті Бабаева Амина (ғылыми жетекші Баженова С.М.), 2-орын- Жерге орналастыру және кадастр мамандығының 1 курс студенті Жақсылық Нұрсұлтан (ғылыми жетекші Солтаншаривқызы Айтаңсық) мен Құрылымдық инженерия мамандығының 1 курс студенті Шакиба Мохаммад Товхид (ғылыми жетекші Ахметбаева А.М.), 3-орын ХАТ университетінің 1 курс студенті Русланқызы Әмина (ғылыми жетекші Ақыжанова А.Т.), Computer Science  мамандығының 1 курс студенті Нургазыкызы Лейла (ғылыми жетекші Ершиманова Д.О.) және Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенті Ордабеков Б.А. (ғылыми жетекші Нурбекова Г.Д.) иеленді. .

2-секция бойынша 1-орын Computer Science  мамандығының 1 курс студенті Хумарбек Марғұлан (ғылыми жетекші Дуйсеева Л.А.), 2-орын Сәулет мамандығының 1 курс студенті Computer Scienceмамандығының 1 курс студенті Султан Дилмурат (ғылыми жетекші Ермекбаева Ш.Б.) иеленді.

Конференция шығармашылық және достық жағдайда өтті. Конференция соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға естелік сыйлықтармен қатар сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

Мичиган университетінің (АҚШ) профессоры Дуглас Хартман қазақстандық студенттердің жұмысын жоғары бағалады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту