3 қараша 2017 6604

My Polytech журналының жаңа саны жарық көрді

My Polytech журналының жаңа саны жарық көрді

Студенттер арасында танымал My Polytech журналының кезекті саны қазан айының соңында жарыққа шықты. Журналдың қазіргі заманғы талаптарға сай жаңартылып шыққан бұл санында оқырмандар үшін көптеген жаңалықтар бар: жаңа тақырыптар, жаңа пікір-көзқарастар және т. б.

Журналдың жаңа концепциясы – ол университет өмірін өз оқырмандарымен бірлесе отырып, толықтай айқындайтын интерактивті басылым.

Бұл құбылмалы дүниеде өзгермей, тұрақтап тұратын ештеңе жоқ. Өзгермейтін, дәлелдеуді қажет етпейтін тек бір ғана шындық бар: ол кез келген университеттің жүрегі – оның студенттері екені. Олар университеттің күнделікті өмірін толықтырады, оның әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Мұның бәрі ең алдымен студенттердің өз күшімен ұйымдастырылған қауымдастықтар мен ғылыми-шығармашылық ұйымдардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан да біз журналдың осы жаңартылған алғашқы санын студенттік ұйымдардың қызметіне арнадық. Сондай-ақ сіздер жаңа оқу жылының басынан бастап университет қабырғасында өткен небір жарқын да қызықты іс-шаралар туралы ақпаратты журналдан оқи аласыздар.

Айта кетейік, университет атауының жаңаша өзгеруіне байланысты My Polytech журналы да өз атауын жаңаша өзгерту үшін студенттер арасында байқау жариялады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту