29 желтоқсан 2023 4481

Ректор Жаңа 2024 жылмен құттықтайды!

Ректор Жаңа 2024 жылмен құттықтайды!

Құрметті Сәтбаев Университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен оқу жылы өте маңызды оқиғалар мен тамаша табыстарға толы болды. Біздің студенттеріміз оқуда озат болса, профессор-оқытушылар құрамы жаңа ғылыми маңызды жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп біз бәріміз бірге біліммен және инновациямен шабыттанған қауымдастық құра алдық. Сіздердің таланттарыңыз бен табандылықтарыңыз осылайша біздің университетті Орталық Азиядағы тұрақты көшбасшыға айналдырып, әлемдік стандарттарға сай қадам басуға мүмкіндік берді.

Біз болашаққа оптимизммен және өз күшімізге деген зор сеніммен қараймыз. Алдағы жылы стратегиялық мақсатымызға – QS рейтингінде 200-орынға шығу үшін, біз Тұрақты даму қағидаттарын өз қызметімізге енгізіп, жетістіктерімізді белсенді түрде дамытуымыз керек.

Ендеше Жаңа жыл құтты болсын! Бұл жыл сіздер үшін жаңа мүмкіндіктер мен шабыт жылы болсын! Жаңа жылдың әрбір сәті сіздерге және отбасына жаңа қуаныш, жаңа табыс әкелсін, ал университетіміз сіздердің барлық бастамаларыңызға қолдау көрсете берсін!

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту