10 сәуір 2018 9376

«Сандық Қазақстан» II Халықаралық инновациялық форумы

«Сандық Қазақстан» II Халықаралық инновациялық форумы

Үстіміздегі жылдың 5–6 сәуір күндері Сәтбаев университетінде «Сандық Қазақстан: BIM-технологияларын практикаға және білім беру жүйесіне енгізудің жаңа парадигмалары» атты II Халықаралық инновациялық форум өтті.

Форумның ашылу салтанатында Satbayev University-нің ректоры Ескендір Бейсембетов, CEO KAZGOR өкілі Айдар Татығұлов, Т. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев, Information Management Partner at SimpsonHaugh and Partners ағылшын компаниясының өкілі Дэйв Мойес сөз сөйледі.

Форумның алғашқы күні ақпараттық модельдеу саласының жетекші мамандары 10 шеберлік сағатын өткізіп, оған 115 қонақ қатысты. Мұндай іс-шаралар өте мазмұнды әрі маңызды түрде өтіп, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынас туралы бірнеше келісім-шарттарға қол қойылды.

Форумның екінші күнгі отырысына студенттер, оқытушылар, құрылыс және жобалау ұйымдарының өкілдері қатарынан барлығы 200-ден астам адам қатысты. Ұлыбритания, Ресей және қазақстандық баяндамашылар BIM-технологияларын қолданысқа енгізу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісіп, оның болашақ дамуы туралы мәселелерді талқылады.

Форум аясында қазақстандық компаниялардың BIM-технологияларын қолдану арқылы жасаған жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ сәулет және құрылыс институттары студенттерінің арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш іс-шараға Сәтбаев университетінің студенттері мен оқытушылары, әсіресе сәулет-құрылыс саласының мамандары жоғары қызығушылық танытты. Форумды KAZGOR Жобалау академиясы және Халықаралық Autodesk компаниясымен бірлесе отырып, Сәтбаев университеті ұйымдастырды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту