30 қаңтар 2024 2117

Сәтбаев Университеті «Future 17» жаһандық Quacquarelli Symonds бастамасы аясында өз жұмысын бастады

Сәтбаев Университеті «Future 17» жаһандық Quacquarelli Symonds бастамасы аясында өз жұмысын бастады

Лондон қаласында Сәтбаев Университеті мен QS World University Rankings халықаралық рейтингтік агенттігі жоғары оқу орындарының «Future 17» консорциумына қосылу туралы келісімге қол қойды.

«Future 17» бағдарламасы – QS агенттігі мен Эксетер университеті (Англия) ұсынған жаһандық бастама. Ол БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін, әлемнің жетекші университеттерін, бизнес-мектептерін және студенттік командаларды біріктіреді.

– Бәрімізге ортақ мақсатқа жету үшін бүкіл әлемнің академиялық қауымдастықтары мен компанияларын біріктіру оларға тұрақты болашақты қалыптастыруға белсенді түрде араласуға мүскіндік береді, – деді QS негізін қалаушы Нунцио Квакварелли.

Әлемнің жетекші университеттері мен жаһандық компаниялардың білім беру серіктестігіне қосылу консорциумға қатысушылардың қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне әсер ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ал студенттер қауымдастығының мұндай шараға қатысуы жас ұрпаққа өз болашағын бүгіннен бастап қалыптастыруға, жер тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және планетамызды қорғауға белсене атсалысуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында әр университеттерден жиналған студенттер командасы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күресу және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша бірқатар мәселелерді шешу жөнінде компаниялар, жаһандық ұйымдар мен меценаттар ұсынатын жобалармен жұмыс жасайды. Студенттер халықаралық практикалық тәжірибе жинақтап, әлемдік бизнеске көмектеседі. Оларға тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге мүдделі академиялық тәлімгерлер қолдау көрсетеді. Бағдарламаға қатысуға қойылатын ең негізгі талап – ағылшын тілін білу.

– «Future 17» консорциумының демеушілігі арқасында студенттер оқудың басынан бастап өз елдерінің тұрақты дамуына бағытталған жобаларға қатыса алады, олар қай салада жұмыс істесе де, бұл оларға кәсіби қызметінде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге мүмкіндік береді», – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Келісімге қол қою рәсімі жыл сайын білім және ғылым саласы бойынша өтетін «Bett 2024» халықаралық конференциясында өтті, оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық жоғары оқу орындарының делегациясы да қатысты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.