30 қазан 2017 9581

Сәтбаев университеті ғылыми жұмыстарын қорытындылады

Сәтбаев университеті ғылыми жұмыстарын қорытындылады

Аталмыш тақырып 2017 жылы 25 қазан күні өткен Ғылыми-техникалық кеңесте қаралып, онда университеттің барлық институттары 2017 жылға арналған өздерінің ғылыми жобалары жөнінде есеп берді. Ғылыми кеңесте Сәтбаев университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов төрағалық етті.

Ғылыми жұмыстар арасында С.А. Машеков, А.Б. Байбатша, Г.С. Тұрысбекова, В.А. Луганов, Б.А. Мырзахметов сынды ғалымдардың ғылыми жобалары үздік деп танылды. «Бұл ғылыми жобалар мақтауға тұрарлық, әрі оларды өндіріске енгізуге лайық жұмыстар. Біз бұларды әрі қарай жетілдіріп, дамыту үшін, олардың өндірістік зерттеу нәтижелерін күтеміз. Сондықтан да алдымызда әлі талай жаңалықтар, талай стартаптар күтіп тұр», – деді проректор өз сөзінде.

Сонымен қатар Мұрат Кадесович институттар мен кафедралар өздерінің ғылыми жобалары бойынша өндіріс орындарымен үнемі тығыз байланыс жасап отыруы қажеттігін, оның маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында жоба авторлары құрылыс саласында, мұнай өндіру, биотехнология, материалдар теориясы және басқа да салаларға ғылыми көзқарастары жөнінде бір-бірімен пікір алмасып, ортақ ғылыми тақырып бойынша жұмыс жасау жолдарын қарастырды.

Отырыс соңында ғалымдар Satbayev University-нде орнатылған алып суперкомпьютерге қатысты ғылыми жобаларды талқылады. Бұл ТМД елдері аумағындағы ең үлкен, әрі ең қуатты суперкомпьютер техника саласындағы ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті қазіргі заманғы бағдарламалармен толық қамтылған.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту