9 ақпан 2024 2552

Сәтбаев Университеті ISO 37001:2016 Халықаралық сертификатына ие болды

Сәтбаев Университеті ISO 37001:2016 Халықаралық сертификатына ие болды

2024 жылғы 9 ақпан күні Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесінің ISO 37001:2016 талаптарына сәйкестік жөніндегі халықаралық сертификатын салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. «TQCS International PTY Ltd» компаниясының бас директоры Гүлжан Тұрдалиева университет Проректоры Бақыт Жәутіковке осы Сертификатты ресми түрде табыс етті.

ISO 37001 – бұл компанияларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті басқару жүйесін енгізуге көмектесу үшін әзірленген жаңа халықаралық стандарт. Стандарт сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді. Стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша әлемдік тәжірибеде өзін дәлелдеген тиімді құрал болып табылады.

Осы саладағы міндетті талаптарды орындауға, құжатталған талаптар жүйесін енгізуге, қолдауға, талдауға және жетілдіруге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесі жоғары білім беру жүйесінде үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Бүгінгі күні әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралдарының бірі – «Парақорлыққа қарсы күресті басқару жүйесі» халықаралық стандарты болып табылады, ол ұйымдарға халықаралық деңгейде танылуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001:2016 стандартын енгізген Сәтбаев Университеті «Құрметті университет» мәртебесін алды, ол енді күнделікті қызметінде осы қағидатты ұстанатын болады.

Сәтбаев Университеті ISO 37001:2016 Халықаралық сертификатына ие болды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту