26 қаңтар 2024 2548

Сәтбаев Университеті мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандумға Сәтбаев Университеті атынан ректор Мейрам Бегентаев пен «Techno Women» серіктестігінің негізін қалаушылардың бірі, тең құрылтайшысы және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» компаниясының бас директоры Бикеш Құрманғалиева қол қойды. Ал осы меморандумға қол қоюға Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты директор Раиса Қабиқызы Өскенбаеваның басшылығымен бастамашы болды.

Кездесу барысында екі жақ тараптар әйел адамдардың IT саласындағы жұмысы туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Бикеш Құрманғалиева «Techno Women» ұйымының миссиясы мен мақсаттарына кеңірек тоқталды. Ол цифрлық технологиялар еліміздің экономикалық ландшафтын түбегейлі өзгертетінін және қыздар мен әйелдерге осындай жаңа нақты жағдайда жұмыс істеп, өз мансаптарын құруға жаңа мүмкіндіктер беру өте маңызды екенін атап өтті. Ал Сәтбаев Университеті еліміздегі тұңғыш техникалық университет ретінде, әрі IT бағытындағы әлеуеті мықты жоғары оқу орны ретінде осы өзгерістер катализаторларының бірі атана алады.

– Біздің табысты әйелдеріміз жұмысты жаңадан бастаған адамдармен бір қауымдастықта болып, оларға іс жүзінде және өмірден алынған мысал арқылы көмектескенін қалаймын. Қазір өңірлерде үлкен резонанс туып отырғандықтан, биылғы жылы өңірлерде де өкілдіктер ашамыз. Студент жастар – біздің қызығушылық танытатын салалардың бірі. Сәтбаев Университетінде технологиялық салаларда талантты қыздар өте көп, олардың барлығын біздің ұйымға қосылуға шақырамыз, – деді Бикеш Қайдарқызы, – ал белсенді ұстаным қоғамды үйлесімді түрде дамытуға көмектесетінін атап өтті.

Ортақ жобалар аясында Satbayev University мен «Techno Women» ұйымы бірлесіп, білім беру іс-шараларын өткізеді, бірлескен ғылыми жобалар әзірлейді, стартаптар ашады және техникалық мамандықтар бойынша мансап құратын шетелдік әйелдердің тәжірибесін Қазақстанға енгізеді. Бұл Қазақстанға өзінің биік мақсаттарына қол жеткізуге және цифрлық технологиялардың көшбасшысы болуға көмектеседі.

«Techno Women» коммерциялық емес ұйымы технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдерді біріктіреді: IT, digital, telecom, media, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, Robotics, ғарыш және басқа да жоғары технологиялық салалар. Ұйымның миссиясы – технологиялық салаларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу және Орталық Азияда прогрессивті әйелдердің жаңа буыны қалыптасуына үлес қосу.

2024 жылдың сәуір айында «Techno Women» ұйымы технологиялық форум өткізуді жоспарлап отыр, ал оның өтетін негізгі алаңы Сәтбаев Университеті болуы мүмкін.

Сәтбаев Университеті мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәтбаев Университеті мен «Techno Women» коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту