28 желтоқсан 2023 2323

Сәтбаев Университеті Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттеріне грант берді

Сәтбаев Университеті Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттеріне грант берді

Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің үздік студенттері Мұса Төлеу, Кирилл Киулин және Мария Столярова еліміздегі тұңғыш техникалық университетте білім алу үшін Сәтбаев Университеті ректорының атаулы грантына ие болды. Студенттерге гранттарды Сәтбаев Университетінің Цифрлық инженерия және технологиялар институтының басқарма төрағасы Замир Төлешов табыс етті. Ол Ақпараттық технологиялар колледжі өткізген «Satbaev IT-CAMP» фестиваліне қатысып, Мейрам Бегентаевтың атынан колледжді мерейтойымен құттықтады және екі ұжым арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

– Ақпараттық технологиялар колледжінің 55 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға Сәтбаев Университетінің атынан келгеніме өте қуаныштымын! – деді Замир Қаратайұлы салтанатты жиында. – Сіздің колледжді өз қатарындағы ең үздік оқу орындардың бірі деп атауға болады. Ақпараттық технологиялар колледжінің серіктесі және досы болғанын Сәтбаев Университеті ерекше мақтан тұтады.

Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің грантқа ие болған студенттері – киберқауіпсіздік пен веб-әзірлеу саласы бойынша маманданып жүрген үздік студенттер, олар WorldSkills Kazakhstan байқауларының әр жылдар бойғы чемпиондары. Университеттегі оқуды бітіргеннен кейін олар Ақпараттық технологиялар колледжіне қайта оралып, оқытушы болып қызмет істеулері керек. Оларға бөлінген гранттар Павлодар облысына пайда әкеліп, оның дамуына зор үлес қосуы керек. Ал колледждің үздік студенттерінің сәтті табысы туралы оқиға IT саласы бойынша мансап құрғысы келетін павлодарлық жастарға үлгі бола алады.

Сәтбаев Университеті Павлодар ақпараттық технологиялар колледжімен өзара жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қарым-қатынас жасайды, осылайша еліміздің аймақтық университеттерді дамытатын орталығы ретінде өз миссиясын жүзеге асырып отыр.

Ал мерейтойға сыйлық ретінде Сәтбаев Университеті колледжге интерактивті панель сертификатын табыс етті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту