18 қазан 2023 2191

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде белгілі қоғам қайраткері, аты әлемге әйгілі ғалым, академик Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды.

Салтанатты жиынға Сәтбаев Университетінің ұжымы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, академик Еренғайып Шайхутдиновтың достары, көптеген шәкірттері, туыстары мен жақындары қатысты. Органикалық синтез және полимерлер химиясының қазақстандық ғылыми мектебінің қалыптасуы мен дамуы ғалымның есімімен тығыз байланысты. Ол әйгілі Политехтың ректоры болып тұрған кезде Сәтбаев Университеті «ұлттық университет» мәртебесіне ие болып, оған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзінде академик Шайхутдиновтың тамаша ұйымдастырушылық шеберлігі, жоғары кәсіби біліктілігі туралы, сондай-ақ оның еліміздің ғылымы мен біліміне, оңтүстік астананың әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім сапасын арттыруға және алматылықтармен қатар бүкіл қазақстандықтарды да әлеуметтік тұрғыда қорғауды жақсартуға қосқан орасан зор үлесін атап өтті.

– Еренғайып Мәлікұлы елімізде жоғары техникалық білім беру саласын жетілдіруге орасан зор үлес қосты. Бүкіл ел үшін қиын-қыстау кезеңде ол Политехтың ұжымын сақтап қалды және бүгінгі күні қол жеткізіп отырған жетістіктеріміздің негізін сол кезде жасай алды, – деді Мейрам Бегентаев.

Ғалымның ұйымдастырушылық дарыны, кәсіби біліктілігі, қажырлы еңбегі мен қоғамның зияткерлік тұрғыда дамуына қосқан зор үлесі мемлекет тарапынан өте жоғары бағаланды. Оның еңбегі «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен, білім және педагогика саласына қосқан ерекше еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», медалімен, «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және т.б. мемлекеттік наградалармен атап өтілді.

Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдинов 2021 жылы 8 тамыз күні 89 жасында дүниеден өтті. Шәкірттері, әріптестері және Сәтбаев Университетінің бүкіл ұжымы ғалымның есімін жүректерінде мәңгі сақтайды.

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Сәтбаев Университетінде академик Е. Шайхутдинов атындағы аудитория ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту