9 ақпан 2024 1553

Сәтбаев университетінде ғимараттар мен құрылыстарды жер сілкінісінен инженерлік қорғау әдістеріне арналған семинар өтеді

Сәтбаев университетінде ғимараттар мен құрылыстарды жер сілкінісінен инженерлік қорғау әдістеріне арналған семинар өтеді

Satbayev University 2024 жылғы 12 және 13 ақпанда «Ғимараттар мен құрылыстарды жер сілкіністерінен және басқа да динамикалық әсерлерден инженерлік қорғаудың заманауи әдістері» тақырыбында Халықаралық практикалық семинар-кеңес өткізеді.

Іс-шара сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы мамандардың ғимараттар мен құрылыстарды тиімді сейсмикалық қорғауды қолданудың техникалық жетістіктері мен тәжірибесі бойынша және оларды құрылысқа енгізу мүмкіндігі үшін өзекті ақпаратты талқылауға арналады.

«Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесі – «Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу және жобалау институты», «Eurasian SEISMO Association» – Сейсмология, сейсмикаға төзімді құрылыс және табиғи апаттардан қорғау жөніндегі Еуразиялық қауымдастық, Ресей-Қазақстан-ТМД мемлекеттері; «СРОСЭКСПЕРТ» АК-«қала құрылысы, инвестициялық-құрылыс қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мамандар мен сарапшылардың Ұлттық бірлестігі"өзін-өзі реттейтін ұйым қауымдастығы бірлесіп өткізілетін болады.

Қатысуға: белгілі ғалымдар, діріл және сейсмикалық оқшаулау жүйелерін өндіруші кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, ЖОО-лардың, сараптама және құрылыс қадағалау органдарының, ғылыми, енгізу, жобалау, құрылыс ұйымдарының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, өзге де мүдделі тұлғалар шақырылды.

Өтетін орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Satbayev University, бас оқу корпусының 535 аудиториясы (БОК) және мұнай корпусының 316 аудиториясы (МК).

Өткізу уақыты: 2024 жылғы 12 және 13 ақпан.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту