26 қаңтар 2024 2555

Сәтбаев Университетінде инновациялық электрохимиялық қорғаныс зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде инновациялық электрохимиялық қорғаныс зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінің Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты базасында. мұнай-газ секторында коррозиядан қорғану мәселелеріне арналған инновациялық «Электрохимиялық қорғау зертханасы» ашылды. Зертхананың ашылуына университет ректоры Мейрам Бегентаев пен Геология және мұнай-газ институтының директоры Асқар Сыздықов қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде ректор өндіріспен өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызды екендігіне тоқталып, студенттер мен оқытушыларды электрохимиялық қорғау бағыты бойынша жаңа инновациялық жобаларды ашуға шақырды.

Зертхана институттың серіктесі «Renessans Shik» компаниясымен бірлесе ашылды. Зертхананың ашылу салтанатына компания директоры, мұнай және газ саласы бойынша техника ғылымдарының магистрі, өнертапқыш, электрхимиялық қорғау бағытындағы пайдалы модельдер патенттерінің иегері Игорь Карпов қатысып, компания тарапынан ұсынылған инновациялық құрал-жабдықтармен егжей-тегжейлі таныстырды және компания жұмысының мұнай-газ секторы үшін маңыздылығын атап өтті.

– Электрохимиялық қорғаныс – мұнай-газ өнеркәсібі онсыз өмір сүре алмайтын салалардың бірі. Егер де профилактикалық қорғаныс әдістері қолданбаса, онда барлық мұнай құбырлары тек 5-7 жыл ғана қызмет етеді. Ал қорғаныспен олар 40 немесе 50 жыл қызмет ете алады. Сондықтан бұл саланы біз Сәтбаев Университетімен бірге одан әрі дамытамыз, ал бізбен бірге бұл зертхана да дамитын болады», – деді Игорь Анатольевич өз сөзінде.

Сәтбаев Университетінде инновациялық электрохимиялық қорғаныс зертханасы ашылды

«Renaissance Shik» – мұнай-газ жабдықтарын коррозиядан электрохимиялық қорғау саласы бойынша озық шешімдерді ұсынуға маманданып отырған танымал компания. Зертхана соңғы технологиялармен жабдықталған: зертханалық стендте тек қана анықтамалық электродтар, протекторлар және «Renessans Shik» компаниясының әлемде теңдесі жоқ анодты жерге қосу электродтары ғана емес, сонымен қатар адамның көмегінсіз жұмыс істейтін өртке қарсы инновациялық қорғаныс та қойылған.

Университет пен компания кең ауқымды ынтымақтастық жұмыс бағдарламасын жоспарлап отыр, ол зертханалық жұмыстарды, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналастыру мәселелерін де қамтитын болады.

Сәтбаев Университетінде инновациялық электрохимиялық қорғаныс зертханасы ашылды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту