5 наурыз 2024 2630

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

1 наурыз – Алғыс айту күні Сәтбаев Университетінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен университеттің 90 жылдығына арналған «Сәтбаев кубогы-90» атты республикалық «Жайдарман» фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8 команда келіп қатысты, оның ішінде Сәтбаев Университетінің екі командасы – Атлант SU «Жайдарман» Ұлттық лигасы және Алатау SU «Жайдарман» Жоғарғы лигасы болды!

Өздерінің тамаша таланттарын ортаға салып, жоғары командалық ойын көрсеткен үш команда Satbayev Cup жеңімпазы атанды, олар:

1. «Энерго», Алматы қаласы

2. «Жуалы», Жамбыл облысы

3. ⁠«Алатау SU», Алматы қаласы

Сәтбаев Университеті атынан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді, ал жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрады.

«Жайдарман» фестивалі биыл Қазақстанда 25-ші рет өтуде. Ол алғашында қазақ жастары өз бойларындағы өнерлік қабілеттерін, әзіл-оспақтары мен тапқырлықтарын көрсету үшін клуб ретінде құрылып, кейіннен мыңдаған белсенді жастар армандарына қол жеткізетін өнер алаңына айналды. Бұл ретте оларға әділ қазылар алқасына енген өнер майталмандары көмектеседі.

Фестивальдің басты қонағы – аты аңызға айналған тележүргізуші, «Қазақстан КВН одағының» президенті Есен Елеукен болды. Оның қатарына Жоғарғы лига чемпионы, киноактер және сценарист Еркебұлан Мырзабек, шоумен және продюсер Марат Оралғазин, Сәтбаев Университетінің түлегі, университеттің КВН командасында ойнаған актриса әрі блогер Дана Есеева және Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев қосылды.

Біздің барлық жеңімпаздарды құттықтап, бұдан да биік жеңістерге жете берсін деген тілек білдіреміз!

Политех – лучше всех!

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

Сәтбаев Университетінде «Жайдарман» фестивалінің жоғарғы лигасы өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.