29 желтоқсан 2023 2683

Сәтбаев Университетіне Қытай солтүстік-батыс мұнай университетінің өкілдері ресми сапармен келді

Сәтбаев Университетіне Қытай солтүстік-батыс мұнай университетінің өкілдері ресми сапармен келді

Бұл сапар – 2022  жылғы желтоқсан айында екі жақ тараптар қол қойған меморандум негізінде басталған өзара іскерлік алмасудың алғашқы іс-шарасы болып отыр.

Кездесуге екі университеттің басшылары, атап айтқанда: Қытай солтүстік-батыс мұнай университеті Коммунистік партиясының секретары Fu Xiaofei мырза, осы университет жанындағы Мұнай-газ ісі институтының директоры Yang Erlong мырза, NEPU Жер шары ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Sun Yu мырза, Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Feng Jianwei мырза, PhD докторы, доцент Zhou Xiaofei мырза, сондай-ақ Сәтбаев Университетінің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Көлдеев Ержан Итеменұлы, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры Сыздықов Асқар Хамзаұлы және басқа да көрнекті өкілдер қатысты.

Кездесу барысында академиялық және ғылыми қарым-қатынастарды дамыту, қос дипломдық бағдарламалар ашу, бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу және студенттермен, ғылыми топтармен өзара алмасу жөніндегі мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар алдағы уақытта Сәтбаев Университеті мен NEPU бірлесіп, Халықаралық ғылыми зерттеулер орталығын ашу көзделіп отыр.

Представители Китайского Северо-Западного нефтяного университета посетили Satbayev University с официальным визитом

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту