25 қыркүйек 2018 5658

Сәтбаев Университетінің докторанты Прагада өткен «Energy and Environment Research» халықаралық конференциясында баяндама жасады

Сәтбаев Университетінің докторанты Прагада өткен «Energy and Environment Research» халықаралық конференциясында баяндама жасады

Химиялық және биологиялық технологиялар институты «Органикалық заттардың және полимерлердің химиялық технологиялары» кафедрасының 2-оқу жылының докторанты Роза Тұрсынова «The 5th International Conference on Energy and Environment Research (ICEER-2018)» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Бір-біріне жақын ғылымдар зерттеулерінің нәтижесі олардың өзара байланыстырылуына әкелгені, соңғы әлемдік теориялық және техникалық жетістіктер болғаны белгілі. Сондықтан «Energy and Environment Research (ICEER-2018)» халықаралық конференциясының басты тақырыбы – энергетика саласындағы зерттеулерге байланысты заманауи технологиялар бола отырып, сол арқылы қоршаған орта ғылымдарын, атап айтқанда, мысалы, астрономия, биология, геоғылым, қауіпсіздік және денсаулық сақтау, т.б. зерттеу.

Сәтбаев университетінің докторанты Р. Тұрсынованың конференцияға ұсынылған зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша «Monitoring of polychlorinated biphenyls (PCBs) in environmental objects of the city Ust-Kamenogorsk in Kazakhstan» тақырыбында ауызша баяндама жасалып, оған конференция қатысушылары қызығушылық танытты және ұйымдастырушы комитет тарапынан жақсы бағаланды.

Роза Тұрсынованың зерттеу жұмысы құрамында полихлорлы бифенилдер бар конденсаторлар шығаратын, бұрынғы конденсатор зауыты орналасқан Өскемен қаласының қоршаған ортасын бақылауға бағытталып, мониторинг жұмыстары ПЦФ № 2018/BR05236302 «Өнеркәсіптік өндірістің экологиялық тұрақтылығын және тиімділігін арттыру үшін жаңа материалдар мен технологиялар жасау саласындағы химиялық кластердің инновациясын ғылыми-техникалық негіздеу» тақырыбында Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында жасалды.

Бұл жоба Сәтбаев университетінде орындалған Мақсатты қаржыландыру бағдарламасының сегіз жобасының бірі болып табылады. Біз жоба тапсырмаларының осындай дарынды жас ғалымдарымыздың қатысуымен сәтті орындалатынына сенімдіміз.

Конференцияға ұсынылған баяндамалар Scopus бойынша индекстелген EI Compendex және «Energy Procedia» журналдары мен желілерде онлайн түрде жарияланады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту