17 сәуір 2024 1820

Шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурсқа Satbayev University қатысуы және жеңісі

Шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурсқа Satbayev University қатысуы және жеңісі

2024 жылғы 12 сәуірде «Алматыгенплан» ҒЗИ ғимаратында шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде жариялау және марапаттау рәсімі өтті. Бұл маңызды іс-шараны Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы мен Archiforma Group ұйымдастырды.

Конкурсқа қатысушыларға үш номинацияның бірі бойынша шағын сәулет нысандарының эскиздік жобасын жасау ұсынылды:

  • Заманауи сыртқы жиһаздар жинағы;
  • Түркі стиліндегі көше жиһаздарының жинағы;
  • Ұлттық стильдегі заманауи өнер нысаны.

Байқаудың қазылар алқасына сәулет қоғамының көрнекті өкілдері кірді:

  • Құспанғалиев Болат Урайханұлы – ҚР құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, Satbayev University сәулет институтының директоры;
  • Әбдірасилова Гүлнара Сейдахметқызы – ҚР құрметті сәулетшісі, сәулет докторы, ҚазБСҚА академиялық профессоры;
  • Татығұлов Айдар Әбдісағытұлы – Сәулетшілер одағының бірінші вице-президенті, "KAZGOR" Жобалау академиясының президенті;
  • Федянин Антон – «KAZGOR» жобалық Академиясының және Қазақстан Сәулетшілер одағының өкілі;
  • Бекзат Аманжол – Levelstudio сәулет студиясының негізін қалаушы;
  • Манаев Қайрат Даркшевич – Archiforma Group бас сәулетшісі.

Байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан 60-тан астам жоба ұсынылды. Байқау жеңімпаздарының бірі «Сәулет» кафедрасының аға оқытушысы Яскевич Владимир болды, ол «Заманауи көше жиһаздарының коллекциясы» номинациясында 1 орынды және «Түркі стиліндегі көше жиһаздарының коллекциясы» номинациясында 3 орынды иеленді.

Сәулет әлеміндегі осы маңызды оқиғаның барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Шағын сәулет нысандарын әзірлеуге арналған республикалық конкурсқа Satbayev University қатысуы және жеңісі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту