2 тамыз 2017 11186

СжҚИ-да оқу үлкен шығармашылық мүмкіндіктер береді

СжҚИ-да оқу үлкен шығармашылық мүмкіндіктер береді

СжҚИ-да оқу үлкен шығармашылық мүмкіндіктер бередіШілде айының басында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ Сәулет және құрылыс институтында қабылдау емтихандары болды. Емтихандар талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналған емтихан жұмыстарының екі көрмесімен басталды. Емтихандар қалай өтті және СжҚИ сәулет кафедрасындағы шығармашылық туралы Сурет өнерінің оқытушысы Куляш Тюребекова айтып берді.

Сұрақ: Куляш, СжҚИ-да емтихандар қалай өтуде? Талапкерлер не тапсыру керек?

Жауап: Емтихан талапкерлердің сурет және сызудан шығармашылық жұмыс тапсыруынан басталады. Бұл маңызды, себебі сәулетші өзінің идеяларын сурет арқылы көрсетеді. Ғимарат әдемі, жайлы, қауіпсіз немесе жаман салынатындығы соған байланысты. Сондықтан сәулетшілер жақсы сурет салып, пропорцияларды сезіне білуі тиіс. Егер адам ең басында пропорцияларды сезе алса, кейіннен өзінің жобаларында да оны көре алады.

С: Емтихан қалай өтті? Жұмысты бағалау кезінде неге назар аударасыздар?

Ж: Барлық ЖОО-ларда, Мәскеуде емтихан бірдей өтеді – сынып ортасына гипстен жасалған адамның басы қойылады және суретке 4,5 сағат беріледі. Комиссия екі параметр бойынша нәтижені бағалайды. Бірінші – пропорциялар. Екінші -  сызба арқылы зат формасын конструкциялық анықтау. Біз неге қараймыз? Біріншіден, сурет тым үлкен немесе тыс кішкентай болмауы тиіс. Бұдан әрі адам түр сызықтармен бұның гипс, көлеңке, сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігі, бір жерінде қоюлау, бір жерінде ашықтау көрсету керек, сурет әдемі болуы тиіс.

Әдеттегідей, талапкер барлығын дұрыс бейнелеу үшін бүкіл уақытты толығымен пайдаланады. Егер адам сурет сала алмаса, әдетте, ол 5 минутта аяқтап қояды. Кейде талапкер дайындалмайды, бірақ оның табиғи қабілеті болады, ең бастысы – пропорцияны сезу. Сызықтар, үйлестіру дұрыс болмауы мүмкін, бірақ тұтасымен, ол пропорцияларды ешбір қатесіз табады. Біз бұл баланың болашақта жақсы сәулетші болатындығын түсінеміз.

С: Сіздерде жұмыстар дұрыс бағаланбаған жағдайлары болды ма? себебі бұл шығармашылық мамандық, оны объективті бағалау мүмкін емес?

Ж. Біз үшін бәрі де объективті болғаны маңызды, сондықтан біз емтихан жұмыстарының көрмесін жасаймыз. Мұндай жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың болуы мүмкін емес. Біз - емтихан жұмыстарының біреуін де қалдырмастан аудиторияға іліп қоятын Алматыдағы  жалғыз оқу орнымыз. Талапкерлер мен олардың ата-аналары өз жұмыстарын басқа суреттермен салыстыра отырып көрген кезде олар жұмыстарының дұрыс бағаланғандығын түсінеді. Бізде апелляция жағдайлары мүлдем болған жоқ. Біз көрмеге басшылықты да шақырамыз, олар да емтиханның ашық өткендігін көреді.

С: Сіздерге қалай көп талантты студенттер келеді?

Ж: Әрбір емтиханда таланты бар 60-70% бала болады. Олардың талантын көру – бұл өте қуанышты. Әдетте, олар жақсы оқып, жақсы мамандар болады. Ең бастысы – бұл талант емес, ынта. Кейбір студенттер құшырлана білім алып, семестр аяғында алдыға үлкен қадам жасайды. Осыны көру -  айтарлықтай маңызды және қуанышты.

С: Сіз сәулетшілерді сурет салуға үйретесіз бе?

Ж. Иә, алғашқы екі семестрде біз оларға сәулетшілерге арналған кескіндемені оқытамыз. Олар кәсіби кескіндемеші болмайды, бірақ мен суретті кәсіби деңгейде оқытуға тырысамын. Осылайша, біздің дипломымыз үлкен шығармашылық мүміндіктер береді.

Бітіруші сәулетшілер арасында суретшілер, модельер, сурет оқытушылары да бар. Бір бала модельер болып кетті, оған киім тіккізу үшін 2 апта бұрын жазылу керек. Тағы бір қыз Халықаралық скетчинг мектебінде оқытушы болып жұмыс істейді. Мектептің орталық кеңсесі Мәскеу қаласында, сондықтан менің бұрынғы студентім сабақтарды онлайн жүргізіп, Алматыда сабақ береді. Бұл өте танымал, оқығысы келетіндер көп, сондықтан оның жұмысының құны күн сайын өсуде.

С: Кафедрада сурет өнерін оқыту қалай құрылған?

Ж: Сурет өнерінде біз ең бірінші сурет өнерінің негіздерін өтеміз, сондан кейін түрлі техникаларды меңгере бастаймыз. Мен 39 жыл бойы сабақ беремін, студенттерді өте жақсы көремін, кәсібімді жақсы көремін, сондықтан мен үнемі бағдарламаны кеңейтіп отырамын, шетелдік сайттарды қараймын, жаңа техникалар тауып, оны студенттерге үйретуге тырысамын.

СжҚИ-да оқу үлкен шығармашылық мүмкіндіктер береді

Өткен жылы мен студенттерге бір ағылшын суретшісінің техникасын үйреттім. Ең бірінші, өзім жасап көрдім. Бұл өте жақсы техника болып шықты, күрделі емес және керемет әсер береді. Тіпті ең нашар оқитын студенттердің өздері қызығушылық танытты. Олардың жұмыстары керемет шықты. Ал, осы оқу жылы үшін мен басқа техника таптым. Үлкен кенеппен гүлдер саламыз.

С: Сіз суретшісіз бе?

Ж: Мен – суретшімін, бірақ сәулетшілерге арналған суреттермен көп айналыстым. Атақты Строгановкада және Мәскеу сәулет институтында, С.В.Тихоновтың мектебінде, сәулетшілерге суреттер бойынша оқулық шығарған дәл сол Тихоновтан, тағылымдамадан өттім. Шеберлік-сыныптарын өткіземін, тапсырыстар орындаймын, көрмеге суреттер шығарамын. Студенттер менің шығармашылықты жақсы көретіндігімді сезеді, өздерінің жұмыстарын сурет галереясына қоюға бола ма екендігін сұрайды.

С: Қоя ма?

Ж: Әрине. Осыған орай, біз көрмені дәл институттың ішінде жасадық. Толыққанды көрме қабырғасын жасадық, қайта боядық, жөндедік, безендірдік. Көрменің нағыз ашылу салтанатын үйде пісірілген тағамдар және фуршетпен жасадық. Бұл көрменің үлкен резонансы болды, жұмыстардың жартысы сатылып кетті. Біз мектеп оқушыларымен де жұмыс істеуге тырысамыз. Биыл мектеп оқушыларына арналған 6 жүлделі орны бар екінші рет олимпиада өткіздік. Жүлде ретінде біздің институтта оқу гранты болды. Грантты мектептегі жақсы бағалармен растау қажет. Осы жылы олимпиада ауқымы кеңейді, біз бұл бастаманы бүкіл Қазақстанға таратқымыз келеді.

С: Сіздер сәулетшілерге арналған ең үздік оқу орны болу үшін көп нәрсе жасайсыздар ма?

Ж: Иә, бұл – біздің мақсатымыз, біз бәрін сол үшін жасаймыз. Сондай-ақ соңғы екі жылда бізде білім сапасы айтарлықтай өсті. Жаңа директор сабақты онша жақсы жүргізбейтін оқытушылардың барлығын алып тастап, үздіктерді ғана қалдырды. Соңғы уақытта біз жарнамалауды қажет етпейміз, бізді мектеп оқушыларының көбі біледі, тіпті ҚазБСҚА оқытушылары да өздерінің балаларын біздің университетке оқуға береді. Біз де сол деңгейге сәйкес келуге тырысамыз. Себебі сәулет – бұл пән, онда шығармашылық тәсіл және өз ісіңе толығымен берілу қажет. Сонда ғана жақсы нәтиже болады!

СжҚИ-да оқу үлкен шығармашылық мүмкіндіктер береді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту