4 қазан 2018 3945

Ulsan Science University және Ulsan City Hall Dong-gu Office өкілдерімен кездесу

Ulsan Science University және Ulsan City Hall Dong-gu Office өкілдерімен кездесу

2018 жылы 3 қазан күні Сәтбаев университетінде Ulsan Science University (Ulsan College, Koрея) және Ulsan City Hall Dong-gu Office өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысқан Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Бейсембетов пен Ulsan College президенті Heo Jeong Seok, сонымен қатар Ulsan қаласы (Koрея)  әкімінің орынбасары Kim Ilman алдағы уақытта қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша инженерия және жаңа технологиялар саласы мамандарын бірлесе отырып даярлау жөнінде, сондай-ақ құрылыс және құрылыс материалдары бағыты бойынша ғылыми-инновациялық қызметті бірлесе жүргізу жөніндегі келісімдерді, ынтымақтастық қатынастар жөніндегі мәселелерді талқылады. Құрылыс материалдары, конструкцияларын және бұйымдарын өндірудің әлемдік өзекті ғылыми мәселелерін қарастырды.

Кездесу нәтижесінде екі университет басшылары сәулет-құрылыс саласы бойынша аккредиттелген ғылыми-зерттеу зертханасы шеңберінде бірігіп ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар (НИиОКР, R&D) жүргізу мүмкіндіктері туралы келісті.

Ульсан университеті – Оңтүстік Кореядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, оқу орны 1970 жылы ашылған. Ол Кореяның «Экономикалық орталығы» атанған ең ірі қалаларының бірінде орналасқан. Университет әлемге әйгілі Hyundai Motor автомобиль компаниясымен және дүние жүзіндегі ең ірі SK Energy мұнай компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауытымен тығыз байланыс жасайды.

Ulsan Science University және Ulsan City Hall Dong-gu Office өкілдерімен кездесу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту