28 желтоқсан 2023 4082

Үздік кәсіби орта: Сәтбаев Университетінде жаңа Halyk Academy зертханасы ашылды

Үздік кәсіби орта: Сәтбаев Университетінде жаңа Halyk Academy зертханасы ашылды

Жаңа семестрден бастап университет студенттері инновациялық IT-жағдайында білім алатын болады – Сәтбаев Университетінің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтында Halyk Academy көпфункционалды зертханасы мен коворкинг алаңы ашылды.

Бұл – жоғары сұранысқа ие IT мамандарын қалыптастыратын технологияларды, білім мен шығармашылық қабілетті біріктіретін алаң. Университет пен банк студенттерге сапалы білім ғана емес, сонымен қатар шығармашылық және кәсіби тұрғыда өсу үшін шабыт беретін ортамен қамтамасыз ету мақсатында осы кеңістікті құрды.

– Біз банк технологиялары мен IT-технологияларды біріктіретін салалық шағын орталық құрғымыз келді», – дейді Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева. – Біздің түлектер тек «Халық» банкке ғана емес, Қазақстанның кез келген банкіне жұмысқа келгенде, жұмыс орнында алғашқы күннен бастап-ақ өзін ойдағыдай ыңғайлы сезінетіндей болуы керек, сол үшін біз қазірден бастап кәсіби білім беретін орта қалыптастыруымыз керек. Ал «Halyk» банк бұл идеяны белсенді түрде қолдайды.

Лучшая профессиональная среда: в Satbayev University открыта новая лаборатория Halyk Academy

Halyk Academy – бұл «Halyk» банк пен еліміздің IT саласындағы жетекші университеттердің бірлескен жобасы, ол Қазақстанның ІТ саласын үнемі дамытып отыруға бағытталған. Академия екі жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал Сәтбаев Университетінде Halyk Academy оқыту бағдарламасы 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, соның өзінде тамаша нәтижелер беріп отыр.

Білім беру бағдарламалары Halyk технологиялары стекімен синхрондалғандықтан, бұл студенттерге оқу барысында болашақ қызметтерімен тікелей танысуға мүмкіндік береді. Оқытушылар да, студенттер де бағдарлама туралы жақсы лебіз білдіреді. Студенттер елдің қаржы технологиясы саласындағы соңғы жетістіктеріне жауапты мамандардың тәжірибесін үйренуге мүмкіндік беретін бағдарламаның басқа да артықшылықтарын атап өтті, ал оқытушылар студенттердің оқуға деген үлкен қызығушылықтары бар екенін атап өтті: тіпті курсқа жазылмаған студенттер де дәріс тыңдауға келеді екен. Бүгінгі таңда 100 студент банк қызметкерлерінен бағдарламалау және деректерді талдау бойынша білім алды.

Лучшая профессиональная среда: в Satbayev University открыта новая лаборатория Halyk Academy

Лучшая профессиональная среда: в Satbayev University открыта новая лаборатория Halyk Academy

Жаңа зертхана болашақта студенттерге «Halyk» банктің IT департаменттері мамандарының дәрістерін тыңдауға ғана емес, сонымен қатар IT саласын зерттеу үшін соңғы технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалануға, кейіннен сол банкте тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл жоба дарынды студенттердің жергілікті және халықаралық IT нарығына шығуын жеңілдету үшін жасалған.

Сондай-ақ Halyk Academy аясында Сәтбаев Университетінде шеберлік сабақтары мен банктің жетекші қызметкерлерімен кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мамандар студенттерге бағдарлама әзірлеу мен деректерді талдауды ғана емес, сонымен қатар терең білім алу жолдарын таңдауды, сұхбат беруді және т.б. үйретеді.

Зертхананың ашылу салтанатына әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамблінің жетекшісі, композитор, Политехтың 1970 жылғы түлегі, академик Мұрат Құсайынов қатысты. Ол Жаңа жыл қарсаңында университет оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, Halyk Academy-ның ашылуымен құттықтады.

Лучшая профессиональная среда: в Satbayev University открыта новая лаборатория Halyk Academy

Лучшая профессиональная среда: в Satbayev University открыта новая лаборатория Halyk Academy

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту