9 ақпан 2024 1881

ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты Мелахат Билге Демиркёз Сәтбаев Университетінде қараңғы материя туралы айтып берді

ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты Мелахат Билге Демиркёз Сәтбаев Университетінде қараңғы материя туралы айтып берді

Университетте «Ғарыштық сәулелер: қараңғы материядан ғарыштық сәулеленуге дейін» атты тақырыпта түрік профессоры Мелахат Билге Демиркёздің семинары өтті, тақырып қараңғы материяның белгілі мәселелеріне және осы білімді тәжірибе жүзінде қолдануға арналды. Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.

Академияның вице-президенті Ләззат Ералиева құттықтау сөз сөйлеп, Демиркёз ханымды семинарға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан жиналған ғалымдармен таныстырды. Ал Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова жиынның модераторы болды.

Мелахат Билге Демиркёз – Middle East Technical University (Таяу Шығыс техникалық университеті, Анкара) атақты зерттеушісі, Хирша индексі 115, жоғары энергия физикасы бойынша түрік профессоры, ЮНЕСКО сыйлығының иегері. Демиркёз ханым Америка Құрама Штаттарында білім алып, Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы Түркия елімен ынтымақтастықта құрған Бөлшектердің радиациясын сынау зертханасының жұмысын үйлестіру үшін еліне оралды. Ол астробөлшектердің физикасын зерттеуші топтың бас зерттеушісі және ғарыштық сәулелену мен жарық жылдамдығына жақын жүретін бөлшектерді зерттеуімен танымал. Оның зерттеу жұмыстары Жердегі радиациялық жағдайды, сондай-ақ радиацияның электронды құрылғыларға әсерін зерттеуді қамтиды. 2021 жылы Демиркёз радиация өлшегіш қүралын жасаған топты басқарды, бұл Түркиядан ғарышқа жіберілген алғашқы ғылыми аппарат болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту