17 қазан 2023 2138

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

2023 жылғы 17 қазанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Энергетика және машина жасау институтында екі маңызды зертхананың салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара студенттерге заманауи технологиялар әлеміне енудің бірегей мүмкіндіктерін ұсынады.

Машина жасау кафедрасында «Сандық басқарылатын станоктар»  (CNC) зертханасы ашылды, бұл студенттерге машина жасау саласындағы маңызды аспект болып табылатын жоғары технологиялық станоктарды үйренуге және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Энергетика кафедрасында ашылған  «Электр машиналары» зертхансы  зерттеуге және практикалық дамытуға арналған. Мұнда студенттер электр құрылғыларының жұмыс принциптерін тереңірек түсініп, осы салада баға жетпес тәжірибе жинай алады.

Бұл зертханалар беделді "Alageum Electric" компаниясымен серіктестік аясында ашылды, бұл студенттердің білім алуына маңызды практикалық компонент қосады және олардың инженерлік салалардағы табысты мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев "Alageum Electric" компаниясымен серіктестік студенттерге жоғары технологиялар әлеміне енуге мүмкіндік бере отырып, университетке тиімді техникалық дайындық үшін құнды мүмкіндіктер беретінін атап өтті.

Зертханаларға заманауи құрал-жабдықтар орнатылған, олар өз кезегінде әртүрлі эксперименттер мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сөйтіп студенттер мен оқытушыларға өз білімдерін жетілдіріп, қазіргі заманғы технологияларды дамытуда өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық инновациялық автоөнеркәсіп дәл осы жерден бастау алатын болады!

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

Жарқын болашақ үшін еңбек етудеміз: Сәтбаев Университеті машина жасау саласы бойынша жаңа инновациялық зертханалар ашады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту