7 наурыз 2024 2518

2024 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

2024 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Сәтбаев Университетінің құрметті арулары!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл –әйелдер қауымының жеңісін, талантын, қоғамға қосқан зор үлесін мадақтауға арналған ерекше мереке!

Біз сіздердің әрқайсыңыздың жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз: Қазақстанның кең байтақ жерін зерттеуге арналған жаңа технологияларды ашатын гидрогеологтар мен сол жердің табиғи ресурстарын басқаруға арналған бағдарламаларды жасайтын бағдарламашылардың және жер қойнауынан алтын өндіруге көмектесетін химиктердің жетістіктерімен мақтанамыз.

Сіздер бізді жаңа жеңістерге шабыттандырып, университет қауымына шығармашылық қуат бересіздер. Көктем мерекесі қарсаңында сіздерге жаңа табыстар мен сәттілік тілеймін! Бастаған әрбір  істеріңіз лайықты түрде бағалана берсін! 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту