27 наурыз 2024 3715

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті өзінің білімі мен интеллектуалдық қасиеттерін көрсете алатын жас таланттарды іздеуді жыл сайын ұйымдастырады. Мектеп оқушыларына арналған «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойынының жоғары сынып оқушылары арасында өткен финалы тұңғыш техникалық университеттің құрылғанына 90 жыл толуына, сондай-ақ ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толу құрметіне арналды. Ал жарыстың бас жүлдесі ретінде  еліміздегі тұңғыш техникалық жоғары оқу орны – Сәтбаев Университетінде тегін білім алуға грант ұсынылды.

Ойынның ең қызық тақырыбы – математика, физика, химия секілді техникалық пәндер бойынша сұрақтарға арналған ойын қазақ және орыс тілдерінде ойналады. Мұнда оқушылар тек өз білімдерін ғана көрсетіп қоймай, шығармашылық қабілеттерін де, ойлау жылдамдығын, тапқырлығын көрсетіп, әртүрлі шешімдерді көре білу қабілеттерін де пайдалана білулері керек.

«Жас Сәтбаев» – мектеп оқушылары үшін өз білімдері мен интеллектуалдық қабілеттерін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар бойларындағы бай перспективаларды үлкен еңбек жолының басында ашуға мүмкіндік береді. Ал Сәтбаев Университеті жас ғалымдар мен инженерлерге осындай мүмкіндіктер бере отырып, оларға белсенді түрде қолдау көрсетеді.

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев ойынның ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілей отырып, былай деді:

– Қазір біз сіздердің бойларыңыздан «Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенті» деген жоғары атаққа ие болатын болашақ әріптестерімізді көріп отырмыз. Бұл ойын ұрпақтарды бір-бірімен байланыстыратынын ойынның өзі тағы бір рет дәлелдеп отыр.

2024 жылғы «Жас Сәтбаев III» зияткерлік ойынының жеңімпазы Қаныш Сәтбаевтың туған жері Баянауыл өңірінің тумасы Темірхан Сардар атанды.

Еліміздегі алғашқы техникалық университет болашақ дарынды инженерлерді іздеп табу үшін, оқушылар арасында интеллектуалдық ойындарды ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар оны болашақ технологиялық прогресті қалыптастырудың қуатты құралына айналдырып отыр. Интеллект пен креативті ойлауды дамытуды қолдау ғылым мен технология саласында жаңашылдар мен көшбасшылардың келесі ұрпағын даярлауға әсер етеді. «Жас Сәтбаев» ойыны осы мақсатпен үшінші рет өткізілуде. Университет алдағы уақытта да жас дарындарды табудың, оларға қолдау көрсетудің жаңа жолдарын іздестіру арқылы осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыруды көздеп отыр.

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Сәтбаев Университеті болашақ көшбасшыларды құрметтеуде: университетте «Жас Сәтбаев» зияткерлік ойыны өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту