13 наурыз 2024 977

Ауа сапасын зерттеуге және басқа да мақсаттарға арналған EcoDrone

Ауа сапасын зерттеуге және басқа да мақсаттарға арналған EcoDrone

Сәтбаев Университеті Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының студенті Арманжан Қуанаев ауаның ластануы туралы ақпаратты автономды түрде жинай алатын EcoDrone жобасын жасап шығарды. Дрон алдын ала белгіленген траектория бойынша ұша алады, ал оның өлшемі мен ұтқырлығы кез келген жердегі мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді.

Арнайы әзірленген қосымша дронды басқаруға ғана емес, сонымен қатар жиналған ақпаратты қоршаған кеңістік пен жер бедеріндегі объектілердің үш өлшемді модельдері түрінде модельдеуге және визуализация жасауға мүмкіндік береді.

Орнатылған датчиктер мен бағдарламалық қамтамасыз ету халықаралық стандарттарға AQI (Ауа сапасының индексі) сәйкес ауа сапасының индексін бағалауға, азот оксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді секілді ластаушы заттарды, 1,0 микрометрден аз бөлшектерді анықтауға, сондай-ақ озон құрамын, температура мен ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі функцияларынан басқа, мұндай дронды іздеу-құтқару жұмыстары кезінде, жерді картаға түсіру және барлау мақсаттарына да пайдалануға болады.

Бұл жоба Сәтбаев Университетінің ҰҰА зертханасында Ұжымдық пайдалануға арналған ұлттық ғылыми зертхананың және Spark Lab жобалау-білім беру зертханасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту