18 наурыз 2024 2203

Коммуникациялық орталық және шығармашылық кеңістік: Сәтбаев Университетінде оқытушылар қалай жұмыс істейді

Коммуникациялық орталық және шығармашылық кеңістік: Сәтбаев Университетінде оқытушылар қалай жұмыс істейді

Осыдан екі жыл бұрын Сәтбаев Университеті оқу кабинеттерінің тұжырымдамасын өзгертіп, оларды заманауи мәжіліс залдары мен коворкинг алаңдарына айналдырған болатын. Аз ғана уақыт ішінде университет кеңестік заманнан қалған ғимараттан қазіргі заманға сай жайлы жұмыс орнына айнала бастады. Осылайша, Сәтбаев Университетіндегі алғашқы жаңартылған коворкинг алаңдарының бірі оқытушыларды өзінің ыңғайлылығымен қуанта отырып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлауды жалғастыруда.

Мәжіліс бөлмесі екі жыл бұрын Тау-кен металлургия институтының оқытушыларының күшімен құрылып, оқытушылардың кездесулері мен демалыс орнына арналды. Түлектер жиһазбен көмектесті, әр оқытушы өз үлесін қосты. Бөлменің көлемі шағын болғанымен, оның ішіне 20 адам сыяды, бұл кездесулер мен маңызды оқиғаларды атап өту үшін таптырмас орын.

– Бұл алаң оқытушыларға демалу үшін әрдайым ашық», – дейді ТКМИ-ның қызметкерлері. – Жақын жердегілердің бәрі осында түскі асқа жиналады, ол үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда шәйнек, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, тіпті кофе машинасы да бар, оны Кәсіподақ комитеті берді. Ал кинотеатр бізде бұрыннан бар, оны біздің серіктесіміз, бірге жұмыс істейтін компания сыйға тартты. Қасымыздағы акт залында қандай шара өтсе де, бәрі осында кіріп шығады.

Ең бастысы – институт директоры Қанай Рысбековтың нұсқауымен жасалған қазіргі заманғы дизайн.

– Бұл заманауи дизайн үлгілерін біз интернеттен жинадық», – дейді Қанай Бақытұлы. — Қабырғаға модульдік картиналар ілінді. Біз Бруклин мен Лондон көпірлерінің суреттерін таңдадық, өйткені бізде кафедра меңгерушілеріміздің бірі Колорадо тау-кен мектебінде докторантураны бітірді, ал екіншісі Ноттингем университетінің магистратурасын тәмамдады. Әрі қарай әлем картасы ілінді – онда біздің ғалымдарымыз барған елдердің барлығы жалаушалармен белгіленіп тұр. Одан кейін, әрине, бүкіл әлемнің уақытын көрсететін сағат, яғни Америкадан Қытайға дейінгі елдердің – Бейжің, Астана, Нью-Йорктің уақыттары. Біз мұнда іскерлік кездесулер өткіземіз, шетелдік қонақтар да бұған қызыға таңқалды. Әрі бұл бөлме бізге шетелдермен жаңа халықаралық байланыстар орнатуға көмектеседі деп іштей ойлаймыз.

Сәтбаев Университетінің ұстанымы – қызметкерлердің өз өмірлері мен еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі бастамалары әрқашан қолдау табады. Университет интеллектуалды алмасу мен ынтымақтастық қарым-қатынасқа ықпал ететін және ынталандыратын заманауи жұмыс ортасын құрудың прогрессивті тәсілін үнемі көрсетеді.

Коммуникациялық орталық және шығармашылық кеңістік: Сәтбаев Университетінде оқытушылар қалай жұмыс істейді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту