18 маусым 2021 3901

Политех Алматыдағы ең көрікті жерге айналады: Сәтбаев Университетінің басшылығы ұжымға жаңа даму бағдарламасын ұсынды

Политех Алматыдағы ең көрікті жерге айналады:  Сәтбаев Университетінің басшылығы ұжымға жаңа даму бағдарламасын ұсынды

Политех Алматы қаласының мәдени орталығы және елдегі инновациялық процестің көшбасшысы болудың негізін қалау мақсатында өндірістік үрдістерді автоматтандыру және цифрландыру ісін бастауда. Бұл туралы университет басшылығы өз қызметкерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, сонымен қатар осы кездесу аясында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылды және Сәтбаев Университетінің алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы ұсынылды.

Келешек дамудың негізі ретінде қаржыландыру процестерін жаңарту, әртүрлі департаменттердің өзара қарым-қатынасын жеңілдету, сонымен қатар университетті басқару тетіктерін автоматтандыру мен цифрландыру аталды. Академиялық салада аймақтық көшбасшы атану және елдегі ежелгі университетті инновациялық хабқа айналдыру білім беру мен инновацияның жоғары сапалы инфрақұрылымын құрусыз мүмкін емес, сондықтан университетте шығармашылыққа жайлы атмосфера орнату – Сәтбаев Университетінің жаңа даму бағдарламасының бірінші жылында басты міндеттердің бірі болып отыр.

Университеттің материалдық-техникалық базасы біртіндеп жаңартылады. Инфрақұрылымның барлық архитектуралық бет-бейнесі түбегейлі түрде қайтадан қаралатын болады, бұл университет қалашығын қалалық ландшафтқа сауатты түрде «енгізуге» мүмкіндік береді, әрі университеттің маңайына жақын іргелес ауданның инфрақұрылымын түрлендіреді, сөйтіп Сәтбаев Университеті қала тұрғындары үшін үлкен мәдени орталыққа айналуына мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу үшін 290 орындық 3 жаңа жатақхана салу жоспарлануда және тағы бір жаңа жатақхананың жобасы әзірленуде.

Университеттің академиялық және ғылыми қызметінің компоненттерін жақсартудың негізі ретінде үш жақты «мемлекет-ғылым-бизнес» түріндегі спираль алынады. Оқыту жүйесі елді индустрияландыру картасымен және білім мен ғылымды дамыту бағдарламасымен үйлестірілетін болады. Осы мақсатта университет қолданыстағы білім беру бағдарламаларын үнемі қайта қарап, жаңартып отырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша 2023 жылға қарай республика экономикасының қажеттіліктері негізінде жасалған алғашқы инновациялық білім беру бағдарламалары іске қосылады.

Профессорлы-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің жалақысын көтеру мақсатында функционалдық міндеттерге сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін бюджетте қайта қарау жоспарланып отыр. Халықаралық ынтымақтастық үдерісіне көбірек көңіл бөлінеді, университет әлемнің ең сұранысқа ие ғалымдарын белсенді түрде өзіне қызметке тартуды жоспарлап отыр, сонымен қатар қосдипломды бағдарламаларды арттыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Бұл іс-шаралардың барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рухында іске асырылып, оқытушыларға жайлы жағдай жасауға және жастарымыздың болашағын қорғауға бағытталған қадамдар ретінде жүзеге асырылады, ал оны жүзеге асыру ең алдымен жоғары оқу орындарында берілетін білім мен біліктілік деңгейіне байланысты.

Университет өзінің дамуында жаңа дәуірге қадам басуда және осы жаңа даму бағдарламасын жасауға үлес қосқан жандардың барлығына, әсіресе университеттің Ректорлар кеңесіне, атап айтқанда, Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімовке, Баян Ракишұлы Ракишевке және Ұлықпан Есілханұлы Сыдықовқа алғыс білдіреді.

Кездесу соңында Ректор университеттің алдына үлкен мақсаттар қойылғанын және олардың орындалуы Сәтбаев Университетінің әрбір қызметкеріне байланысты екенін баса айтты.

– Табысты және сәтті университет, бақытты университет болу үшін, бізде бәрі бар, – деді Мейрам Бегентаев, – мен бәрімізге жұмыста тек қана сәттілік тілеймін!

Кездесуде Корпоративті даму жөніндегі проректор Ержан Кулдеев, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бақыт Жәутіков, сондай-ақ Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров сөз сөйледі. Ректор Мейрам Бегентаев жиынға төрағалық етті.

Руководство Satbayev University представило коллективу новую программу развития

Руководство Satbayev University представило коллективу новую программу развитияРуководство Satbayev University представило коллективу новую программу развития

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту