15 наурыз 2024 2143

Сәтбаев Университеті Глазго университетімен ынтымақтаса отырып, академиялық ұтқырлық саласында өзінің серіктестік жүйесін кеңейтуде

Сәтбаев Университеті Глазго университетімен ынтымақтаса отырып, академиялық ұтқырлық саласында өзінің серіктестік жүйесін кеңейтуде

Сәтбаев Университетінің халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректоры Самғат Ермекбаев пен Глазго университеті жанындағы Адам Смит бизнес-мектебінің Оқыту және білім беру департаментінің меңгерушісі Рамона Бланес кездесу өткізді.

Сәтбаев Университеті 2024 жылы Глазго университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, қазір екі жақ тараптар «Машина жасау және менеджмент» мамандығы бойынша 1+1 қос дипломдық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды егжей-тегжейлі пысықтауда, сонымен қатар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Visiting professor» бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың мүмкіндігін қарастырды.

– Біздің команда жаһандық қарым-қатынас аясында Қазақстанның университеттерімен серіктестікті кеңейтуге ұмтылады», – деді Рамона Бланес кездесуде. – Алайда Глазго университетінің саясаты бойынша әр елде біздің тек үш қана серіктесіміз болу керек. Қазір біз КИМЭП университетімен ынтымақтастық байланыстамыз, ал Сәтбаев Университеті – осы елдегі біздің екінші серіктесіміз.

Осылайша, магистратураның қос дипломдық «Машина жасау және менеджмент» бағдарламасы іске қосылысымен, Сәтбаев Университеті Шотландияның ең көне университетінде білім алудың ең сирек кездесетін мүмкіндігін өз студенттеріне ұсына бастайды. Бұл бағдарлама қазіргі уақытта әзірлену үстінде және ол инженерия мен менеджмент мамандығын біріктіріп, студенттерге келешекте осы екі сала бойынша сарапшы маман болып шығуға мүмкіндік сыйлайды. Сондай-ақ Сәтбаев Университетінің оқытушылары «Шақыртылған профессор» бағдарламасы аясында Глазго университетінде педагогикалық тәжірибе жинақтай алады.

Глазго университеті – Шотландиядағы ең ірі университет, оның негізі 1451 жылы қаланған, ол планетадағы ең жақсы университеттердің 1%-на кіреді. Сондай-ақ Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің беделді тобына кіреді, Еуропадағы ең көне және ең үлкен кітапханалардың бірі осы университетте орналасқан. QS World University Rankings рейтингінің тізімі бойынша Глазго университеті Ұлыбританияда 11-ші және әлем бойынша 76-орында. Бұл университетте бірнеше Нобель сыйлығының лауреаттары, Ұлыбританияның үш премьер-министрі, экономика ғылымының атасы саналатын Адам Смит және АҚШ-тың негізін қалаушылардың бірі Джеймс Уилсон оқып, білім алған. Адам Смит бизнес-мектебі – университеттегі ең мықты мектептердің бірі, ол AACSB, AMBA және EQUIS үштік аккредитациясы бар санаулы оқу орындардың бірі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту