4 желтоқсан 2023 9273

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Қараша айының соңғы күндерінде Гонконг қалалық CityU деп аталатын университеттің делегациясы Басқарма төрағасы Лестер Хуанның басшылығымен Сәтбаев Университетіне келді. Сапар барысында Сәтбаев Университеті базасында CityU университетінің филиалын ашу туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісімге CityU президенті, профессор Фредди Бой, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев қол қойды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің еңбегінің арқасында осы келісімге қол қоюға мүмкіндік туып отыр.

– Бүгін біз тарихи маңызы зор құжатқа, әлемдік жетекші екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып отырмыз, – деді министр арнайы жасаған бейне-үндеуінде. – Осы серіктестік қарым-қатынас жемісті, әрі екі жаққа да ұзағынан пайдалы болады деп сенеміз.

Екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас аясында инженерия және жасанды интеллект салалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Жаңа халықаралық бағдарламалар бойынша оқуға түскен қазақстандық студенттер бакалавр және магистр дәрежесін алып шығуға, сондай-ақ Гонконгта «3+1+1» форматы бойынша оқып келуге мүмкіндік алады.  Бағдарламалар CityU университетінің академиялық қадағалауымен CityU виртуалды оқу ортасын пайдалана отырып әзірленеді, ал қорытынды емтихандар халықаралық стандарттарға сай өткізіледі. Сонымен қатар цифрландыру, логистика, қала құрылысы, цифрлық медицина және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда да бірлескен зерттеу бағдарламасын жасау жоспарланып отыр.

– Екі университет те инновациялар мен интернационалдандыру идеясымен шабыттанып отыр, – деді Хуан мырза келісімге қол қою рәсімінде. – Осылайша біз жоғары білім беру саласының болашағын бірге қалыптастырамыз және инновацияларға, ынтымақтастық пен өзара мәдени алмасуға арналған лайықты орта құрамыз.

Кездесудің алғашқы күні екі университет өкілдері бір-бірімен жақынырақ танысып, болашақ келісімнің егжей-тегжейлерін пысықтауға мүмкіндік алды. CityU университетінің өкілдері өз университетінің қызметі және жетістіктерімен толығырақ таныстырып, алдағы ынтымақтастық туралы көзқарастарымен қазақстандық әріптестерімен бөлісті. «Бізге шаблондар қажет емес, бізге дарындар керек», – деді CityU университетінің президенті Фредди Бой әңгіме барысында. CityU делегациясы сондай-ақ Сәтбаев Университетінің бай ғылыми инфрақұрылымымен, оның жетістіктері және жобаларымен, әрі Қазақстанның бай мәдениетімен танысты.

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Сәтбаев Университеті мен Гонконг қалалық университеті инновациялық стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту