3 қазан 2018 7157

Сәтбаев университеті – жұмыс берушілердің беделін бағалау үздігі

Сәтбаев университеті – жұмыс берушілердің беделін бағалау үздігі

Білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының рейтингісін құрды. Оныншы рет жүргізіліп отырған мүшелді рейтингте Сәтбаев университеті республикалық техникалық жоғары оқу орындарының арасында алдыңғы қатардан орын алды. Атап айтқанда, «Техникалық жоғары оқу орындары» санаты бойынша 2-орынға ие болып, Қазақ-Британ техникалық университеті пайдасына 2,83 баллмен ғана ұтылса, республикалық техникалық жоғары оқу орындарының арасында «Жұмыс берушілердің беделін бағалау жөніндегі үздік» және «Эксперттердің беделін бағалау жөніндегі үздік» атанды. Ал жұмыс берушілер мен эксперттер өз кезегінде Сәтбаев университеті мен оның түлектерінің беделін жоғары бағалап, екі номинация бойынша да алдыңғы орындарға шығарды.

НАОКО – қазақстандық және шетелдік жоғары білім беру орындарының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ақпарат жинау арқылы рейтинг жүргізу үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. НАОКО – Академиялық рейтингтер және артықшылықтар жөніндегі халықаралық обсерваторияның ұйымдастырушы-құрылтайшысы (IREG). Елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының рейтингісі 2008 жылдан бері жүргізіледі. Ол оқу орындарының жан-жақты қызмет деңгейін қамти отырып, олардың сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау рәсімі 2018 жылы 21 қыркүйек күні Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, оған жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Сәтбаев университеті – жұмыс берушілердің беделін бағалау үздігі

Сәтбаев университеті – жұмыс берушілердің беделін бағалау үздігі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту