12 сәуір 2020 7651

Сәтбаев университетінде «Сәтбаев оқулары – 2020» атты ғылыми конференция өтті

Сәтбаев университетінде «Сәтбаев оқулары – 2020» атты ғылыми конференция өтті

Үстіміздегі жылы 12 сәуір күні Сәтбаев университетінде «Сәтбаев оқулары – 2020» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми конференция өтті.

Аталмыш іс-шараны өткізу үшін 12 сәуір тегіннен таңдап алынған жоқ. Дәл осы күні Қазақстан Республикасында Ғылым қызметкерлерінің күні және көрнекті геолог-ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні атап өтіледі.

Қ.И.Сәтбаев бар  өмірін елімізде ғылымның қалыптасуы мен дамуына арнады. Біздің университет 1999 жылдан бастап оның есімімен мақтанышпен аталып келеді.
«Сәтбаев оқулары – 2020» ғылыми конференциясының тақырыбы әртүрлі болды. Отыз бейінді секция 8 ғылыми бағыт бойынша жұмыс істейді:

1. Геология, геофизика, мұнай-газ және тау-кен ісі;
2. Металлургия және өнеркәсіптік инженерия;
3. Сәулет және құрылыс;
4. Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру;
5. Кибернетика және ақпараттық технологиялар;
6. Химиялық және биологиялық технологиялар;
7. Жобаларды басқару;
8. Базалық пәндер.

Жиырмасыншы мерейлі «Сәтбаев оқулары» еліміздегі қиын сәтке, яғни университет қызметін қашықттықтан жүргізіп отырған сәтке тап болды.

Университеттің ғалымдары, профессорлы-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер де өз ғылыми жұмыстарын қашықтықтан жүргізе отырып, әртүрлі халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуда.

«Сәтбаев оқулары» конференциясына 396 ғылыми баяндама түсіп, оның ішінде 176 баяндама онлайн форматында тікелей тыңдалды.

Конференцияның баяндамалар жинағы электронды түрде Сәтбаев университетінің сайтында жарияланады.

Сәтбаев университеті конференцияға қатысушыларға жемісті еңбектері үшін зор алғыс білдіреді және мол шығармашылық табыс тілейді!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту