15 сәуір 2024 1218

Сәтбаев Университетінде шахматтан Алматы қаласы бойынша іріктеу чемпионаты өтті

Сәтбаев Университетінде шахматтан Алматы қаласы бойынша іріктеу чемпионаты өтті

Сәтбаев Университетінде 13–14 сәуір күндері өткен Алматы қаласының Оңтүстік студенттік шахмат дивизионы қаладағы үздік жас шахматшылардың басын қосты, ал олар өздерінің шеберлігі мен стратегиялық ойлау қабілетінің жоғары деңгейін көрсете білді. Бұл – студенттік спорт лигасы, оған Алматы қаласынан 16 команда, соның ішінде Сәтбаев Университетінің командасы да қатысты.

Жарыс швейцариялық рапид жүйесі бойынша командалық форматта өтті. Турнир екі күн бойы өткен 9 турдан тұрды. Ал жеребе швейцариялық- Swiss-Manager бағдарламасы бойынша өткізілді. Әр командада 6 қатысушы болды: 3 ұл, 3 қыз. Жарысқа Алматы қаласының әртүрлі жоғары оқу орындарынан келген 80 адам қатысты. Жарыстың төрешісі – халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, Алматы қаласында өткен шахмат фестивалінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, ұстаз Әлібек Нығметов болды.

Жарыстың нәтижесі бойынша алғашқы бес жүлделі орынды иеленген командалар мамыр айында Астанада өтетін финалға жолдама алады. Тартысты ойында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ және Абай атындағы ҚазҰПУ командалары жүлделі 1-орынға ие болып, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сәтбаев Университеті интеллектуалдық ойындар аренасына айналып отырғаны бірінші рет емес – бұл турнир де университетте салауатты өмір салты мен көшбасшылық қасиеттерді дамытудың көрнекі символы бола отырып, сонымен бірге әртүрлі оқу орындарынан келген студенттерге бір-бірімен өзара достық байланыстар орнатуға да көмектесті.

Турнирдің жабылу салтанатында Қазақстан Шахмат федерациясының Аймақтық директоры Шыңғыс Нұрғалимов сөз сөйледі, ол өткен шахмат турниріне демеушілік жасаған болатын. Сондай-ақ ол жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, марапаттарын тапсырды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту