13 наурыз 2024 813

Сәтбаев Университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан қағаз өндірісіне қажетті микрокристалдық целлюлоза мен наноцеллюлоза алу технологиясын әзірледі

Сәтбаев Университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан қағаз өндірісіне қажетті микрокристалдық целлюлоза мен наноцеллюлоза алу технологиясын әзірледі

Сәтбаев Университетінің ғалымдары ауыл шаруашылық қалдықтарынан, атап айтқанда, күнбағыс тұқымының қауызы, күріш пен соя қауыздарынан «жасыл» химия талабына сай микрокристалды целлюлозаны органосольвенттік әдіспен алудың «жұмсақ» технологиясын әзірледі. Зерттеу нәтижесінде целлюлозаның шығымы 50%-дан жоғары көрсеткішті құрайды.

Қазіргі уақытта университеттің қауымдастырылған профессоры Сана Қанатбекқызы Қабдрахманованың жетекшілігімен Сәтбаев Университетінде ауыл шаруашылық қалдықтары мен біржылдық өсімдіктерден микрокристалды және наноцеллюлоза синтезі, сондай-ақ олардан биологиялық ыдырайтын гидрогель және пленкалық материалдар алу саласы бойынша ғылыми мектеп ашылды. Онда ауыл шаруашылығы, медицина, мұнай өнеркәсібі және энергетика салаларында қолданылатын нанокомпозиттік биоматериалдарды жасау жөнінде қарқынды зерттеулер жүргізілуде.

Ғалымдарымыз жасап шығарған целлюлоза Қазақстанда қағаз өндірісін дамыту бойынша жоғары мүмкіндік беріп отыр. Ауыл шаруашылығы қалдықтарын «жасыл» және «жұмсақ» әдістермен қайта өңдеу елімізді қағаз өндірісіне қажетті шикізатты импорттаудан босатып, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді қағаз өндіруге жол ашады.

Айта кетейік, микрокристалды целлюлоза мен наноцеллюлозаны қағаз өндірісінен басқа, тамақ, фармацевтика, мұнай, энергетика, химия және биополимерлер өндірісінде де өте кең қолдануға болады. Өйткені аталмыш материал экологиялық тұрғыда қауіпсіз, кез келген затпен биоүйлесімді, оның шикізат қоры шексіз және өзіндік құны төмен.

Учеными Satbayev University разработана «зеленая» технология получения микрокристаллической и наноцеллюлозы для производства бумаги из отходов сельского хозяйства

Учеными Satbayev University разработана «зеленая» технология получения микрокристаллической и наноцеллюлозы для производства бумаги из отходов сельского хозяйства

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту